Астанада құрылысы 10 жылға созылған сауда орталығы сатылып жатыр

© Sputnik / Айгюзель КадирЭскиз нового торгово-развлекательного центра в Астане
Эскиз нового торгово-развлекательного центра в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Жазылу
Орталықтың жалпы ауданы – 93 908 шаршы метр
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Астанада Республика көшесі бойындағы құрылысы бітпеген ойын-сауық сауда орталығы сатылымға шығарылды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Орталықтың жалпы ауданы – 93 908 шаршы метр. Ал бағасы - 13,5 млрд теңге.
"Сити Палас" көпфункционалды сауда-ойын-сауық орталығының аяқталмаған құрылысы. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ", - деп жазылған банк жариялаған хабарландыруда.
Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының неше процентке аяқталғаны да көрсетілген.
іргетасы - 100%;
қабырғалары - 100%;
шатыры - 20%-30%;
едендері - 100%;
сыртқы әрлеуі - 85%;
ішкі инженерлік желілер – 20%;
абаттандыру - 40%;
металл конструкциялары және монолит - 20%.
Хабарландыруды сайтта Jusan Bank жариялады.
Микрофон, сцена, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Алматыда ойын-сауық мекемесінде әдепсіз сөздер айтқан әзілкеш жазаланды
Жаңалықтар
0