Ұлттық қауіпсіздік комитеті Damumed-ке заңсыз кіргендердің қылмысын әшкереледі

© Sputnik / Абзал КалиевПриложение Damumed
Приложение Damumed - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Жетісу облысының екі тұрғыны денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз кірген, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қылмыскерлер медицина қызметкерлерінің есептік жазбаларын заңсыз иемденіп, "Тіркелген халық тізілімі" және "Damumed" ақпараттық жүйелеріне заңсыз кірген.
"30 қаңтарында Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігі "Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу" және 208-бабының 2-бөлігі "Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша кінәлі деп танылды", - дейді ведомство.
Сот үкімімен оларға 300 айлық есептік көрсеткіш (1 179 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Жаңалықтар
0