Қостанайда такси жүргізушісі жолаушының телефонын тартып алған

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуiPhone 7 телефоны
iPhone 7 телефоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
Ұрланған телефонды бөлшектеп, 100 мың теңгеге сатып үлгерген
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында екі ер адам такси жолаушысын ұрып-соғып, оның iPhone телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға түнде Қостанайдағы тұрғын үйлердің бірінің аумағында болған. Белгісіз екі жас жігіт күш қолдану арқылы құны 650 мың теңге тұратын iPhone телефонын ашық түрде тартып алған. Бұл жағдай ұйымдардың бірінің бақылау камерасына түсіп қалған.
"Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалған жәбірленуші такси шақырған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонын тартып алған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер қылмысты жасаған 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтады. Олар ұрланған телефонды бөлшектеп, 100 мың теңгеге сатып үлгерген.
Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, сондай-ақ олардың осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығы да тексерілуде.
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Елімізде 4 мыңнан астам шетел азаматы заңсыз такси қызметін атқарған
Жаңалықтар
0