Қазақстан Батуми портынан аммофостың алғашқы партиясын экспорттады

© Photo : АО "КазТрансОйл" Батумский морской порт
Батумский морской порт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Қазақстан Грузиядағы Батуми теңіз порты арқылы аммофостың алғашқы партиясын экспортқа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚазТрансОйл" компаниясына сілтеме жасап.
Бүгінде "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясы Батуми теңіз портын басқарады. Сол арқылы "Қазфосфат" ЖШС тапсырысымен 3 мың тонна қазақстандық аммофос тиеліп, экспортқа жөнелтілді.
"Бұл минералды тыңайтқыш Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Батуми теңіз портынан алғаш рет экспортталды. Қазақстандық аммофосты Батумиге жеткізу үшін мультимодальды тасымалдау жүзеге асырылды", - делінген ресми хабарламада.
2025 жылы "Батуми теңіз порты" ЖШҚ арқылы 50 мың тонна қазақстандық аммофосты экспортқа шығару жоспарланып отыр.
Бұған дейін дәл осы порт арқылы 37,6 мың қазақстандық аммиак селитрасы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен алғаш рет әлемдік нарықтарға шығарылды.
Айта кетері, Батуми мұнай терминалында мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутекті газды тиеу, айдау, сақтау, сондай-ақ өз айлақтарын, технологиялық құбырлар мен резервуарларды пайдалана отырып, оларды қайта өңдеу өнімдерін ұсынады.
Жаңалықтар
0