Қарағанды облысында сапасыз салынған жолдар пайдалануға берілген

© Photo : Роман МасленниковҚарағанды-Балқаш тас жолын жаңғырту барысы
Қарағанды-Балқаш тас жолын жаңғырту барысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
Маусым басталғанда жол жұмыстарының барысына мониторинг жалғасатын болады
АСТАНА, 10 ақпан - Sputnik. Қарағанды облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде ақаулар бола тұра нысандар пайдалануға берілген, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының филиалы "Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Қайнар – Нұра" жолында жол жамылғысы бойынша ескертулер жасаған. Бірақ әкімдік оған қарамастан жөндеу жұмыстарын қабылдаған.

"Жол сапасы сараптамасының нәтижелері бойынша Антикор тапсырыс беруші мен мердігерге анықталған бұзушылықтарды жоюды міндеттеді. Сонымен қатар ықтимал ақауларды болдырмау мақсатында арнайы құрылған мониторингтік топ жасалатын жолдардың да жұмыс сапасын зерттеді", - дейді ведомстводағылар.

Облыстың 8 жолында, оның ішінде "Қарағанды-Балқаш" – 362 шақырым, "Балқаш – Бурылбайтал" – 50 шақырымында мониторинг жүргізілді.

"Мысалы, "Қарағанды-Балқаш" жолын қайта жаңарту кезінде мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін қиыршық тас қолданылмайтын болды. Мердігердің есебінен құрылыс материалы ауыстырылды", - дейді агенттіктегілер.

Бақылау күшейтіліп, нәтижесінде былтыр жыл соңында ұзаққа созылған құрылыс аяқталды.
Маусым басталғанда жол жұмыстарының барысына мониторинг жалғасатын болады.
Диплом об окончании вуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жалған дипломмен ұсталған 250 бапкердің ішінде басшы да бар - Антикор
Жаңалықтар
0