https://sputnik.kz/20250210/khalyqtyn-bankterdegi-salymy-25-trln-tengege-zhuyqtady-50688990.html
Халықтың банктердегі салымы 25 трлн теңгеге жуықтады
Халықтың банктердегі салымы 25 трлн теңгеге жуықтады
Sputnik Қазақстан
Бөлшек депозиттер бойынша 2024 жылдың қорытындысы шығарылды 10.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-10T08:00+0500
2025-02-10T08:00+0500
2025-02-10T08:00+0500
салымдар
депозит
банктер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтарға қарай жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) салымдары 24,6 трлн теңгені құрап, абсолютті көрсеткішке жетті. Бұл барлық салымның 57,8%-ы, деп жазды Ranking.kz.Қай банк көш бастап тұр?Салымдардың өсімі бойынша Bereke Bank ең үздік көрсеткішпен алға шықты: салымдар бірден 51,8%-ға, 652,7 млрд теңгеге дейін көбейді. Тек желтоқсан айында қаржы институтының бөлшек салымдар портфелі тағы 8,9%-ға өсті.Жылдық өсім бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар 32,4%-ға, 639,4 млрд теңгеге дейін артты. Ал банк депозиттерінің жиынтық портфелі 1,6 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсім 41,3%-ға ұлғайды.Халық салымдары портфелінің өсімі бойынша көшбасшылардың үштігін Freedom Bank түйіндейді: салымдар 27,5%-ға, 585,9 млрд теңгеге дейін көбейді. Қаржы институтындағы салымдардың жалпы көлемі жыл басында 1,1 трлн теңгені құрады, бір жыл ішінде 44,9%-ға өсті.Аталған үздік үштіктен бөлек, Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында Банк ЦентрКредит (жылына плюс 26%), Halyk Bank (плюс 23,3%) және Kaspi Bank (плюс 21,7%) те нарықта оң көрсеткішке қол жеткізді.Бір айта кетері, қазақстандықтар ірі әрі сенімді банктерді таңдайды. Мәселен, Қазақстандағы үздік он ЕДБ-да халықтың барлық салымының 95,6%-ы немесе 23,5 трлн теңге жатыр. Қалған 11 банкте небәрі 1,1 трлн теңге жинақталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салымдар, депозит, банктер
салымдар, депозит, банктер
Халықтың банктердегі салымы 25 трлн теңгеге жуықтады
Бөлшек депозиттер бойынша 2024 жылдың қорытындысы шығарылды
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтарға қарай жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) салымдары 24,6 трлн теңгені құрап, абсолютті көрсеткішке жетті. Бұл барлық салымның 57,8%-ы, деп жазды
Ranking.kz.
Салымдардың өсімі бойынша Bereke Bank ең үздік көрсеткішпен алға шықты: салымдар бірден 51,8%-ға, 652,7 млрд теңгеге дейін көбейді. Тек желтоқсан айында қаржы институтының бөлшек салымдар портфелі тағы 8,9%-ға өсті.
Жылдық өсім бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар 32,4%-ға, 639,4 млрд теңгеге дейін артты. Ал банк депозиттерінің жиынтық портфелі 1,6 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсім 41,3%-ға ұлғайды.
Халық салымдары портфелінің өсімі бойынша көшбасшылардың үштігін Freedom Bank түйіндейді: салымдар 27,5%-ға, 585,9 млрд теңгеге дейін көбейді. Қаржы институтындағы салымдардың жалпы көлемі жыл басында 1,1 трлн теңгені құрады, бір жыл ішінде 44,9%-ға өсті.
Аталған үздік үштіктен бөлек, Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында Банк ЦентрКредит (жылына плюс 26%), Halyk Bank (плюс 23,3%) және Kaspi Bank (плюс 21,7%) те нарықта оң көрсеткішке қол жеткізді.
Бір айта кетері, қазақстандықтар ірі әрі сенімді банктерді таңдайды. Мәселен, Қазақстандағы үздік он ЕДБ-да халықтың барлық салымының 95,6%-ы немесе 23,5 трлн теңге жатыр. Қалған 11 банкте небәрі 1,1 трлн теңге жинақталған.