Ақтөбеде анықталған заңсыз онлайн-казино табысы белгілі болды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуКазино ойыны
Казино ойыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
Қылмыстық топ мүшелері заңсыз тапқан ақшаға жалпы құны 66 миллион теңгені құрайтын екі көлік алған
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қылмыстық топ мүшелері 2022-2024 жылдар аралығында bingo37.pro платформасы арқылы заңсыз ойын бизнесін басқарған.
Тергеу материалдарына сәйкес, онлайн ойындарға қатысушылар бәстің ақшасын банктік аударымдар арқылы жіберіп отырған. Осыдан кейін оларды платформаға тіркеп, ойынға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме берілген. Күдіктілер қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында "дроптарды", яғни бөтен адамдарды пайдаланған. Олардың атына банк карталарын рәсімдеп, сол арқылы қомақты қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып келген.
"Заңсыз онлайн-казиноның қызметінен күн сайын 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін ақша түсіп тұрды. Топтың жалпы қылмыстық табысы 306 миллион теңгеден асқан", - дейді агенттік мамандары.
Қылмыстық топ мүшелері заңсыз тапқан ақшаға жалпы құны 66 миллион теңгені құрайтын "Toyota Land Cruiser" және "Lexus EC 250" маркалы екі автокөлік алып үлгерді. Ал көліктерді тәркілеуден алып қалу үшін сенімді адамдардың атына рәсімдеген.
Соттың санкциясымен екі көлікті де қолдануға тыйым салынды. Ал қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Рулетка в казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2024
Қазақстанда 1WIN онлайн-казино ұйымдастырушыларына іздеу жарияланды
Жаңалықтар
0