Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен АҚШ келіссөздері: Небензя негізгі талапты еске салды

© Sputnik / Брайан Смит / Медиабанкке өтуПостоянный представитель РФ при ООН Василий Небензя
Постоянный представитель РФ при ООН Василий Небензя - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя АҚШ-пен келіссөздер қандай жағдайда басталатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей АҚШ-пен Украина мәселесі бойынша байланыс жасауға дайын. Бірақ негізгі талап орындалуы шарт.
"Біз байланыстар үшін ашықпыз. Бірақ тең құқықты негізде және ресейлік мүдделер міндетті түрде ескерілуі шарт. Америка тарапынан тиісті сигналдарды күтеміз", - дейді Небензя.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі президент Владимир Путин де осы ұстанымды айтқанын ерекше атап өтті. Путин "қазіргі жағдайды ескере отырып, АҚШ-қа да, Ресейге де қажетті бағыттар бойынша тыныш қана сөйлесуді" ұсынған.
Небензя "танго үшін екеу керек" екенін де еске салды. Ресейдің ниет білдіргені аздық етеді. Алдағы уақытта көп нәрсе Дональд Трамптың әкімшілігі шығарған шешімдерге байланысты болады.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей және Украинамен келіссөздер туралы айтты
Жаңалықтар
0