Геннадий Головкин шорт-трек құрамасын жеңісімен құттықтады

© Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіГеннадий Головкин шорт-трек құрамасын жеңісімен құттықтады
Геннадий Головкин шорт-трек құрамасын жеңісімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Жазылу
Комитет президенті спортшылар жеңіске деген жігерлерінің арқасында лайықты түрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілгенін баса айтты
АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин "Харбин – 2025" Азия ойындарының эстафеталық жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған шорт-трек құрамасын құттықтады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

"Ұлттық Олимпиада комитеті атынан және өз атымнан Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Әділ Ғалиахметовті Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қазақстандық шорт-трек үшін әлемдік деңгейдегі кешенді жарыстардағы алғашқы жоғары дәрежелі жүлде және мыңдаған жанкүйер осы тарихи сәттің куәсі болды", - деді Головкин.

Комитет президенті спортшылар жеңіске деген жігерлерінің арқасында лайықты түрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілгенін баса айтты. Ол көп жылдан кейін Қазақстан әнұраны Азия құрлығының қысқы додасында қайта шырқалатырнына сенім білдірді.
Геннадий Головкин спортшыларды осы жеңіске жетелеген бапкерлерге ерекше алғыс айтып, бұл жеңіс бүкіл ел үшін зор қуаныш екенін мәлімдеді.
Қазақстан Азиядадағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Қазақстан Азиададағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды
Жаңалықтар
0