ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысу мерзімі ұзартылды

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭО символдары
ЕАЭО символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Жазылу
Бұл ережелер инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 7 мың өнеркәсіптік тауарлар бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі мемлекеттік сатып алуларға арналған тауарларға қатысты ереженің мерзімін 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуға шешім қабылдады. Осы құжатқа сәйкес, өнеркәсіптік тауарлардың тізбесіне 258 тауарлық атауларды қосуға мүмкіндік беріп отыр. Ал ол атауларға 7 мыңнан астам өнеркәсіптік тауарлар кіреді. СТ-1 сертфикаты негізінде мемлекеттік сатып алуларға қатысуға болады.
Ережеде отандық тауар өндірушілерге жеңілдік берілетін және шетелдік тауарларға шектеу қойылатын жағдайда мемлекеттік сатып алуларға қатысу мәселесін реттеу жолдары да көрсетілген. Негізгі мақсат – ЕАЭО тауар өндірушілері арасында кооперациялық байланыстарды кеңейту.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда ЕАЭО елдері бір-бірінің банк кепілдіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуларды өткізу туралы келісім ратификацияланды. Ал Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алулар саясаты департаменті директорының орынбасары Нұрлан Бегалиевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі ашық бәсекелестік сатып алу әдістері арқылы жүзеге асырылады, оның 99%-ы электронды форматта орындалады.
Производство растительного масла  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
ЕАЭО нарығында май мен тоң май таңбаланады
Жаңалықтар
0