https://sputnik.kz/20250209/densaulyq-saqtau-ministri-zhaqsy-zhanalyqpen-bolisti-50709667.html
"Ескі медициналық авиация ұшақтарын ауыстырамыз": министр жақсы жаңалықты бөлісті
"Ескі медициналық авиация ұшақтарын ауыстырамыз": министр жақсы жаңалықты бөлісті
Sputnik Қазақстан
Жаңа ұшақтар алдымен пациенттер мен медицина саласының қызметкерлері үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді 09.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-09T14:21+0500
2025-02-09T14:21+0500
2025-02-09T15:53+0500
медицина
санитарлық авиация
https://sputnik.kz/img/378/32/3783284_0:40:1100:659_1920x0_80_0_0_6d0398c516350d6f1c777b85874a228f.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық авиация ұшақтары заманауи әрі тиімді тікұшақтарға ауыстырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Министр "Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" зауытына барып, медициналық авиацияны дамыту және әуе кемелері паркін жаңарту мәселесін талқылады. "Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering" бас директоры Себастьян Ксавье Джонатан медициналық авиация қызметтерін көрсету үшін жаңа H125 тікұшақтарын жеткізуге болатынын айтты.Оның айтуынша, жаңа ұшақтар алдымен пациенттер мен медицина саласының қызметкерлері үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ борттарда медициналық көмек көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалады.Министр сапар барысында "Alaman Air" әуекомпаниясына тиесілі екі медициналық модулмен жабдықталған Bombardier CRJ-200 турбореактивті мамандандырылған ұшағын да қарап шықты.Айта кетері, медициналық авиация шұғыл жағдайларда пациенттерді жедел жеткізуді қамтамасыз етеді, қан компоненттерін, трансплантаттау үшін ағзаларды тасымалдауға көмектеседі, сондай-ақ елдің ең шалғай түкпірлеріндегі медициналық көмек көрсетеді.
https://sputnik.kz/20250117/qazaqstandyq-sanaviatsiya-otken-zhyly-eki-mynnan-astam-shugyl-reys-zhasagan-50026320.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/378/32/3783284_64:0:1037:730_1920x0_80_0_0_c693f91872a379dd2e80b66aa2412059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, санитарлық авиация
медицина, санитарлық авиация
"Ескі медициналық авиация ұшақтарын ауыстырамыз": министр жақсы жаңалықты бөлісті
14:21 09.02.2025 (жаңартылды: 15:53 09.02.2025) Жаңа ұшақтар алдымен пациенттер мен медицина саласының қызметкерлері үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық авиация ұшақтары заманауи әрі тиімді тікұшақтарға ауыстырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Министр "Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" зауытына барып, медициналық авиацияны дамыту және әуе кемелері паркін жаңарту мәселесін талқылады. "Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering" бас директоры Себастьян Ксавье Джонатан медициналық авиация қызметтерін көрсету үшін жаңа H125 тікұшақтарын жеткізуге болатынын айтты.
"Біз ескі медициналық авиация ұшақтарын жаңа, заманауи және тиімдірек ұшақтарға ауыстыру процесін бастаймыз. Жоспарланған әріптестік шеңберінде инвестициялар туралы келісімдерде біз тозған техниканы жаңа медициналық тікұшақтармен алмастыра аламыз", - деп жазды Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, жаңа ұшақтар алдымен пациенттер мен медицина саласының қызметкерлері үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ борттарда медициналық көмек көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалады.
Министр сапар барысында "Alaman Air" әуекомпаниясына тиесілі екі медициналық модулмен жабдықталған Bombardier CRJ-200 турбореактивті мамандандырылған ұшағын да қарап шықты.
"Қазіргі заманғы борт Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша өңіраралық тоқтаусыз рейстерді, сондай-ақ науқас ел азаматтарын шетелдік клиникалардан тасымалдау бойынша халықаралық рейстерді орындауға арналған", - дейді министр.
Айта кетері, медициналық авиация шұғыл жағдайларда пациенттерді жедел жеткізуді қамтамасыз етеді, қан компоненттерін, трансплантаттау үшін ағзаларды тасымалдауға көмектеседі, сондай-ақ елдің ең шалғай түкпірлеріндегі медициналық көмек көрсетеді.