https://sputnik.kz/20250209/armanym---ush-durkin-alem-chempiony-atanu-parasportshy-zharystarga-qalay-dayyndalyp-zhatyr-50716076.html
"Арманым - үш дүркін әлем чемпионы атану": параспортшы жарыстарға қалай дайындалып жатыр
"Арманым - үш дүркін әлем чемпионы атану": параспортшы жарыстарға қалай дайындалып жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны Азамат Нұралиев Үндістан және Болгария мемлекеттерінде өтетін әлем... 09.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-09T20:03+0500
2025-02-09T20:03+0500
2025-02-09T20:03+0500
спортшы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/09/50716709_0:604:720:1009_1920x0_80_0_0_9fba56d1579005f64512cb37f252ac95.jpg
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны Азамат Нұралиев Үндістан және Болгария мемлекеттерінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды. Жазатайым екі аяғы мен бір қолынан айырылған ол екі түрлі спортпен шұғылданып, жарыстарда көптеген қарсыласын шаң қаптырған. Талайды таңғалдырған спортшы қандай белестерді бағындырды? Арманы қандай? Sputnik Қазақстан тілшісі білді.Тепсе темір үзетін шағында атпал азамат ауыр жағдайға ұшырайды. Оттегі баллоны жарылып, екі аяқ, бір қолынан айырылады. Ол күн 13 қараша еді. Бұл Азамат Нұралиевтің басына ауыртпашылық пен әлемдік белестерді бағындыруға жол ашқан күн."Кішкентай кезімнен спортпен шұғылдандым. Сап-cау жүріп, арбаға таңылып қалғандағы күйімді ауызбен айтып жеткізгісіз. Күйзеліске түстім. Спорттан біржолата үмітімді үзіп, ұлым Айдос спортпен шұғылдансын деген шешімге келдім. Өзінің де икемі бар еді. Содан таэквондомен шұғылданды. Бір күні Қаскелеңде Қазақстан чемпонаты болып, балам бірінші орын алды. Ол кезде мен протезбен, балдақпен жүрген едім. Балам екеуіміз жарыстан қайтып бара жатқанда қасыма бір кісі таяп келіп, "сіз спортшысыз ғой" деді. Ол кісі мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейді екен. Сөніп қалған үмітімді жағып, менің бұрынғы қалпыма келіп, спортпен қайта шұғылдануыма сол кісі себеп болды", - дейді Азамат Нұралиев.Азаматтың жарқын болашағына себепші болған - мүгедек спортшылар федерациясының президенті Тәжіғали Қожамұратов. Содан 2017 жылы Азамат спортқа қайта оралып, 2018 жылы жүзуден Қазақстан чемпионы атанады. Алайда бұл спорттан ол шетелге шыға алмайтындықтан, 2019 жылы қол күресі спортына ауысады. Бүгінде Азамат Нұралиев бұл спорттан әлемнің екі дүркін чемпионы.Одан кейін әлем чемпионаты Қазақстанда өтті, ол жерде де жерлесіміз бірінші орын алды. Былтыр көктемде Молдовадағы байрақты бәсекеде Азамат Нұралиев Қазақстанға күміс медаль сыйлады.Енді қыркүйекте Болгария мемлекетінде өтетін жарысқа дайындалып жатыр. Азаматтың бұған дейін бағындырған белестері қол күресі спортынан болған. Былтырдан бері ол жеңіл атлетикамен айналысып жүр. Нәтиже "әп бәрекелді!" дегізерлік, одан да Қазақстан чемпионы атанды."Бірінші Алла, екінші жұбайым Балаусаның арқасында осы спортпен де айналысып жүрмін. Негізі біздің мемлекетте протез өте қымбат тұрады, алу қиын. Спортшы болғандықтан спорттық аяққа тапсырыс беріп, былтыр қолым жетті. Онымен жүгіретін уақыт аз болды, бірақ бір ай дайындалып Қазақстан чемпионатында жеңіске жеттім. Нәтижем жаман емес. 7 наурыздан бастап Үндістанның Дели қаласында өтетін жарысқа жүгіруден дайындалып жатырмын", - дейді ол.Азаматтың арманы – үш дүркін әлем чемпионы атану."Біздің мүмкіндігіміз шектеулі емес, шектеусіз. Спортшының ең шарықтау кезеңі әлем чемпионатында үш дүркін жеңімпаз атану. Менің арманым да осы. 2028 жылы жеңіл атлетикадан Америкада өтетін жарыста Қазақстанның көк туын желбіретсем деп армандаймын. Әлі 4 жыл уақыт бар, соған дайындық үстіндемін", - дейді Азамат Нұралиев.Параспортшы – отбасының асыраушысы, тынбай жұмыс істеп, нәпақа табудан да шаршаған емес. Көпбалалы әкенің ұрпағына берер тәлімі – адамдық, адалдық, еңбек.
https://sputnik.kz/20250209/qazaqstan-para-biatlonnan-algash-ret-altyn-medal-aldy-50715850.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/09/50716709_0:589:720:1129_1920x0_80_0_0_47588c4655b2a80265e4ac2e829e015f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
спортшы
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны Азамат Нұралиев Үндістан және Болгария мемлекеттерінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды. Жазатайым екі аяғы мен бір қолынан айырылған ол екі түрлі спортпен шұғылданып, жарыстарда көптеген қарсыласын шаң қаптырған.
Талайды таңғалдырған спортшы қандай белестерді бағындырды? Арманы қандай?
Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Тепсе темір үзетін шағында атпал азамат ауыр жағдайға ұшырайды. Оттегі баллоны жарылып, екі аяқ, бір қолынан айырылады. Ол күн 13 қараша еді. Бұл Азамат Нұралиевтің басына ауыртпашылық пен әлемдік белестерді бағындыруға жол ашқан күн.
"Кішкентай кезімнен спортпен шұғылдандым. Сап-cау жүріп, арбаға таңылып қалғандағы күйімді ауызбен айтып жеткізгісіз. Күйзеліске түстім. Спорттан біржолата үмітімді үзіп, ұлым Айдос спортпен шұғылдансын деген шешімге келдім. Өзінің де икемі бар еді. Содан таэквондомен шұғылданды. Бір күні Қаскелеңде Қазақстан чемпонаты болып, балам бірінші орын алды. Ол кезде мен протезбен, балдақпен жүрген едім. Балам екеуіміз жарыстан қайтып бара жатқанда қасыма бір кісі таяп келіп, "сіз спортшысыз ғой" деді. Ол кісі мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейді екен. Сөніп қалған үмітімді жағып, менің бұрынғы қалпыма келіп, спортпен қайта шұғылдануыма сол кісі себеп болды", - дейді Азамат Нұралиев.
Азаматтың жарқын болашағына себепші болған - мүгедек спортшылар федерациясының президенті Тәжіғали Қожамұратов. Содан 2017 жылы Азамат спортқа қайта оралып, 2018 жылы жүзуден Қазақстан чемпионы атанады. Алайда бұл спорттан ол шетелге шыға алмайтындықтан, 2019 жылы қол күресі спортына ауысады. Бүгінде Азамат Нұралиев бұл спорттан әлемнің екі дүркін чемпионы.
"Қиындықсыз жеңіс болмайды. 2021 жылы Румыния мемлекетіне әлем чемпионатына барғанда қатты қиналдым. Өйткені жеңіліп қалдым. Сондай жерге барып тұрып, сондай деңгейге шығып тұрып, неге жеңіліп қалдым деген ой жеп қойды. 2022 жылы Анталия қаласындағы чемпионатқа барып, жеңіске жеттім. Ол үшін әртүрлі тренерлерге барып жаттықтым. Спорт залына жету үшін Алматыдағы көлік кептелісімен 2 сағат жол жүресің. Түске дейін жұмыста, түстен кейін жаттығу залына асығатынмын. 4 сағат жаттығудан кейін аяғыммен көліктің тежегішін баса алмай қалатынмын. Бірақ еңбегім зая кетпеді, сол жолы чемпион болдым", - дейді Азамат.
Одан кейін әлем чемпионаты Қазақстанда өтті, ол жерде де жерлесіміз бірінші орын алды. Былтыр көктемде Молдовадағы байрақты бәсекеде Азамат Нұралиев Қазақстанға күміс медаль сыйлады.
Енді қыркүйекте Болгария мемлекетінде өтетін жарысқа дайындалып жатыр. Азаматтың бұған дейін бағындырған белестері қол күресі спортынан болған. Былтырдан бері ол жеңіл атлетикамен айналысып жүр. Нәтиже "әп бәрекелді!" дегізерлік, одан да Қазақстан чемпионы атанды.
"Бірінші Алла, екінші жұбайым Балаусаның арқасында осы спортпен де айналысып жүрмін. Негізі біздің мемлекетте протез өте қымбат тұрады, алу қиын. Спортшы болғандықтан спорттық аяққа тапсырыс беріп, былтыр қолым жетті. Онымен жүгіретін уақыт аз болды, бірақ бір ай дайындалып Қазақстан чемпионатында жеңіске жеттім. Нәтижем жаман емес. 7 наурыздан бастап Үндістанның Дели қаласында өтетін жарысқа жүгіруден дайындалып жатырмын", - дейді ол.
Азаматтың арманы – үш дүркін әлем чемпионы атану.
"Біздің мүмкіндігіміз шектеулі емес, шектеусіз. Спортшының ең шарықтау кезеңі әлем чемпионатында үш дүркін жеңімпаз атану. Менің арманым да осы. 2028 жылы жеңіл атлетикадан Америкада өтетін жарыста Қазақстанның көк туын желбіретсем деп армандаймын. Әлі 4 жыл уақыт бар, соған дайындық үстіндемін", - дейді Азамат Нұралиев.
Параспортшы – отбасының асыраушысы, тынбай жұмыс істеп, нәпақа табудан да шаршаған емес. Көпбалалы әкенің ұрпағына берер тәлімі – адамдық, адалдық, еңбек.