https://sputnik.kz/20250208/tunde-qar-qursauynda-qalgan-26-adam-qutqaryldy-50678015.html
Түнде қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды
Түнде қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Қостанай мен Ақтөбе облыстарында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. 08.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-08T11:52+0500
2025-02-08T11:52+0500
2025-02-08T11:52+0500
қар
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/132/06/1320639_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_a94a5a259343d62b758da52dbfbbaa0f.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Қостанай мен Ақтөбе облыстарында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. Қостанай облысы Қарасу ауданында 10 адам мінген үш жеңіл көлік қар құрсауында қалған. Ал Арқалық қаласынан 50 шақырым жерде 2 адам мінген тағы бір көлік батып қалған.Құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, адамдады жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.Түнде Ақтөбе облысы Хромтау қаласы "Самара-Шымкент" автожолының 850 шақырымында жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік пен бір жүк көлігі қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмаған. Көлік ішінде 14 адам, оның ішінде 2 Өзбекстан Республикасының азаматы болды. ТЖМ құтқарушылары мен 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына вахтовканмен келіп, көліктерді жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, 14 адамды Хромтау қаласының кемпингіне эвакуациялады.Құтқарушылар ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.
https://sputnik.kz/20250103/qaragandy-oblysynda-800-kolik-qar-qursauynda-qaldy-49726499.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/132/06/1320639_37:0:805:576_1920x0_80_0_0_134dd809d7ebd24c037927aa57baa2c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қар, құтқарушылар
Түнде қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Қостанай мен Ақтөбе облыстарында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Қостанай облысы Қарасу ауданында 10 адам мінген үш жеңіл көлік қар құрсауында қалған. Ал Арқалық қаласынан 50 шақырым жерде 2 адам мінген тағы бір көлік батып қалған.
Құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, адамдады жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
Түнде Ақтөбе облысы Хромтау қаласы "Самара-Шымкент" автожолының 850 шақырымында жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік пен бір жүк көлігі қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмаған.
Көлік ішінде 14 адам, оның ішінде 2 Өзбекстан Республикасының азаматы болды. ТЖМ құтқарушылары мен 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына вахтовканмен келіп, көліктерді жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, 14 адамды Хромтау қаласының кемпингіне эвакуациялады.
Құтқарушылар ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.