Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Шольц Украинаға бітімгерлерді жіберуге қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Pavel Bednyakov / Медиабанкке өтуФедеральный канцлер Германии Олаф Шольц покидает экстренное совещание после инцидента в Польше на Бали
Федеральный канцлер Германии Олаф Шольц покидает экстренное совещание после инцидента в Польше на Бали - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Украинаға бітімгершілік күштерін жіберу жөнінде айтуға әлі ерте, деп мәлімдеді Германия канцлері Олаф Шольц RND басылымына берген сұхбатында.
"Мен мұндай әңгімелерді орынсыз және айтуға ерте деп санаймын", - деді саясаткер әңгіме барысында.
Шольц сонымен қатар украиндардың қатысуынсыз шешім қабылдау мүмкін емес деп санайды.
"Алдымен қатығысты тоқтатып, нақты келіссөздерді бастау керек. Сонда ғана Украинаның болашақтағы қауіпсіздік кепілі қандай болатынын бағамдауға болады", - деді Германия басшысы.
Financial Times газетінің жазуынша, украиналық шенеуніктер Киевтің одақтастары қақтығысты реттеу аясында шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Украинаға шамамен 40-50 мың әскер жіберуі керек деп есептейді.
Жаңалықтар
0