https://sputnik.kz/20250208/qytaydan-qazaqstanga-kelgen-turister-sany-78-protsentke-osti-50636423.html
Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 78 процентке өсті
Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 78 процентке өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны өскенін мәлімдеді. 08.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-08T20:00+0500
2025-02-08T20:00+0500
2025-02-08T20:00+0500
қазақстан
қытай
туризм
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_0:52:1200:727_1920x0_80_0_0_33bece8049235fd596bd2442d07bca16.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны өскенін мәлімдеді.Қазақстанға барлығы 655 мың шетел азаматы келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп.Сондай-ақ туризм жылы аясында ҚХР-мен өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.Сондай-ақ Қазақстан мен Қытайда автотуризмнің танымалдығы артып келеді. 2024 жылы осы бағытты дамытуға арналған бірнеше халықаралық іс-шара өткізілді."Жібек жолы" автошеруі, Жібек жолы бойынша мототур және "Paris-Peking Motor Challenge" халықаралық іс-шарасы Қазақстанның автотуристер үшін тартымды ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етті", - деді Кәріпбаев.Ал Астана, Бейжің, Алматы, Үрімші және Гонконгта 300-ден астам екіжақты кездесу өткізілді. Алматы қытайлық туристер үшін Қазақстандағы ең танымал дестинацияға айналды.Астана Бейжіңдегі роуд-шоу аясында іскерлік және медициналық туризм үшін жаңа бағыт ретінде таныстырылды.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланды. Ал енді, керісінше, 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_82:0:1119:778_1920x0_80_0_0_45bf24a3d4fa3a13dd171ed1a7b584cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, туризм
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны өскенін мәлімдеді.
Қазақстанға барлығы 655 мың шетел азаматы келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп.
Сондай-ақ туризм жылы аясында ҚХР-мен өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.
"1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар ірі қытайлық БАҚ және әлеуметтік желілер Қазақстан туралы хабарламалар таратты. Бұл елдің туристік бағыт ретінде танылуын едәуір арттыруға мүмкіндік берді", - деді туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Сондай-ақ Қазақстан мен Қытайда автотуризмнің танымалдығы артып келеді. 2024 жылы осы бағытты дамытуға арналған бірнеше халықаралық іс-шара өткізілді.
"Жібек жолы" автошеруі, Жібек жолы бойынша мототур және "Paris-Peking Motor Challenge" халықаралық іс-шарасы Қазақстанның автотуристер үшін тартымды ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етті", - деді Кәріпбаев.
Ал Астана, Бейжің, Алматы, Үрімші және Гонконгта 300-ден астам екіжақты кездесу өткізілді. Алматы қытайлық туристер үшін Қазақстандағы ең танымал дестинацияға айналды.
Астана Бейжіңдегі роуд-шоу аясында іскерлік және медициналық туризм үшін жаңа бағыт ретінде таныстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы болып жарияланды. Ал енді, керісінше, 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.