Қосшыдағы үлескерлер көптен күткен баспанасын алады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Бектенов посетил соцобъекты Косшы
Премьер Бектенов посетил соцобъекты Косшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан– Sputnik. Қосшыдағы үлескерлер жазға қарай көптен күткен баспанасын алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қосшыға барып, қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты. Сол кезде үлескерлер мәселесі де қаралды.

"Премьер-министрге 537 үлескердің, оның ішінде "Сирень бағы" тұрғын үй кешенінің көпжылдық мәселесін шешу туралы баяндалды. Жаңа мердігер қала күніне орай 106 тұрғынға баспана кілті табысталады деп уәде беріп отыр, тағы 209 отбасы жақын арада көптен күткен жаңа үйлеріне қоныстанады", - делінген ресми хабарламада.

Қосшыдағы жаңа өрт сөндіру депосы құрылысының барысы да пысықталды. 4 жылдан кейін жұмыстың тек 60%-ы аяқталған. Мердігер қаржыландырудың көлемі жеткіліксіз деп, тағы ақша сұраған. Бұған дейін заманауи қондырғылармен жабдықталатын нысан құрылысына 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын.
Олжас Бектенов қосымша қаржы қарастырылмайтынын, қаражат тек жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген сома шегінде бөлінетінін баса айтты. Осыдан кейін мердігерлік ұйымнан жақын арада жұмыстарды аяқтауды талап етті, орындалмаған жағдайда шарт бұзылады.
Жаңалықтар
0