https://sputnik.kz/20250208/finlyandiya-ukrainaga-askeri-komek-beru-boyynsha-besinshi-orynga-shyqty-50681751.html
Финляндия Украинаға әскери көмек беру бойынша бесінші орынға шықты
Финляндия Украинаға әскери көмек беру бойынша бесінші орынға шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Финляндия адам басына шаққанда Украинаға әскери көмек көрсету жағынан бесінші орынға шығып, осы уақытқа дейін Киевке 2,5 млрд еуро... 08.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-08T14:48+0500
2025-02-08T14:48+0500
2025-02-08T14:48+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e9/02/06/50601530_0:83:3344:1964_1920x0_80_0_0_9134cbc21bb7eff58e56e6c0ef976bdc.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Финляндия адам басына шаққанда Украинаға әскери көмек көрсету жағынан бесінші орынға шығып, осы уақытқа дейін Киевке 2,5 млрд еуро берді. Бұл туралы Ресейдің Финляндиядағы елшісі Павел Кузнецов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.Биыл қаңтардың басында Финляндия үкіметі Киевке 200 миллион еуроға әскери көмектің 27-ші пакетін бөліп берді."Бүгінде Финляндияның украиндық армияға берген жалпы әскери көмегі 2,5 миллиард еуроны құрап отыр. Осылайша, адам басына шаққанда Украинаға әскери көмек көрсету жағынан Финляндия әлем бойынша бесінші орынды алып отыр", - деді Кузнецов.Осы орайда елші фин басшылығының сөзін де еске алды. Бұл мемлекет Киевке "қанша қажет болса, сонша уақыт қолдау көрсетуге" мүдделі.Ал Ресей қару-жарақты жеткізу мәселесі Украина мәселесін реттеуге кедергі болып отырғанын мәлімдеді. Осылайша, НАТО елдері бұл қақтығысқа тікелей араласып, "отпен ойнап отыр".Ресейдің сыртқы істер минитрі Сергей Лавровтың айтуынша, Украинаға арналған қару-жарақтың кез келген жүктері нысанаға алынады. АҚШ пен НАТО осы қақтығысқа тікелей араласып отыр. Себебі қару-жарақты жіберіп қана қоймай, Ұлыбритания, Германия, Италия және тағы басқа елдерде әскери кадрларды да даярлап отырады. Бұның барлығы келіссөздерге кері әсерін тигізеді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/06/50601530_307:0:3038:2048_1920x0_80_0_0_0dd59f3729da53374a0bf59c1010b5ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Финляндия Украинаға әскери көмек беру бойынша бесінші орынға шықты
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Финляндия адам басына шаққанда Украинаға әскери көмек көрсету жағынан бесінші орынға шығып, осы уақытқа дейін Киевке 2,5 млрд еуро берді. Бұл туралы Ресейдің Финляндиядағы елшісі Павел Кузнецов мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости.
Биыл қаңтардың басында Финляндия үкіметі Киевке 200 миллион еуроға әскери көмектің 27-ші пакетін бөліп берді.
"Бүгінде Финляндияның украиндық армияға берген жалпы әскери көмегі 2,5 миллиард еуроны құрап отыр. Осылайша, адам басына шаққанда Украинаға әскери көмек көрсету жағынан Финляндия әлем бойынша бесінші орынды алып отыр", - деді Кузнецов.
Осы орайда елші фин басшылығының сөзін де еске алды. Бұл мемлекет Киевке "қанша қажет болса, сонша уақыт қолдау көрсетуге" мүдделі.
Ал Ресей қару-жарақты жеткізу мәселесі Украина мәселесін реттеуге кедергі болып отырғанын мәлімдеді. Осылайша, НАТО елдері бұл қақтығысқа тікелей араласып, "отпен ойнап отыр".
Ресейдің сыртқы істер минитрі Сергей Лавровтың айтуынша, Украинаға арналған қару-жарақтың кез келген жүктері нысанаға алынады. АҚШ пен НАТО осы қақтығысқа тікелей араласып отыр. Себебі қару-жарақты жіберіп қана қоймай, Ұлыбритания, Германия, Италия және тағы басқа елдерде әскери кадрларды да даярлап отырады. Бұның барлығы келіссөздерге кері әсерін тигізеді.