https://sputnik.kz/20250208/balalar-men-zhastardy-qoldauga-arnalgan-qanday-sharalar-qolga-alyndy-50697338.html
Балалар мен жастарды қолдауға арналған қандай шаралар қолға алынды
Балалар мен жастарды қолдауға арналған қандай шаралар қолға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа адамдар" жастар форумында балалар мен жастарға қандай қолдау жасалып жатқанын айтты, деп... 08.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-08T17:15+0500
2025-02-08T17:15+0500
2025-02-08T17:15+0500
жастар
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/02/08/50692125_0:70:1280:790_1920x0_80_0_0_a46f2af7410e19d118c4d1c57c8ec836.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа адамдар" жастар форумында балалар мен жастарға қандай қолдау жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президент ел үшін адал қызмет ету жауапкершілік алудан қорықпайтын батыл азаматтардың қолынан келетін жұмыс екенін ерекше атап өтті."Қазақстан балалар мен жастарға жан-жақты қолдау көрсететін әлемдегі аз елдің бірі. Дүниеге келген әр сәби бірден ұлттық бағдарламалардың қатысушысына айналады. Өздеріңізге мәлім, екінші жыл қатарынан Ұлттық қор табысының бір бөлігі балалардың есепшотына түсіп жатыр. Кәмелет жасына толғанда олар жинақталған қаржыны оқуға немесе баспана алуға жұмсай алады", - деді Тоқаев.Басқа шаралар:"Келешекте мемлекетті басқарушылардың негізгі легі осы жас мамандардан қалыптасады. Осы жерге жиналған білімпаз, отаншыл жастар мәслихаттың немесе парламенттің құрамына кіретініне, тіпті үкіметте жұмыс істейтініне кәміл сенемін", - деді Тоқаев.Бүгінде жас кәсіпкерлер мен отбасыларды қолдауға да айрықша мән беріледі. Мысалы, бизнесті дамытуға және баспана алуға жеңілдікпен несие беру қарастырылған."Бұл балалар мен жастардың өмірден өз орнын табуына жағдай жасауға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың бір парасы ғана", – деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20250208/keudemdi-maqtanysh-kernedi-toqaev-zhana-adamdarga-oz-rizashylygyn-bildirdi-50695689.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/08/50692125_68:0:1213:859_1920x0_80_0_0_2567b8815bcf12e45f2caee8d8260476.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, қасым-жомарт тоқаев
жастар, қасым-жомарт тоқаев
Балалар мен жастарды қолдауға арналған қандай шаралар қолға алынды
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа адамдар" жастар форумында балалар мен жастарға қандай қолдау жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент ел үшін адал қызмет ету жауапкершілік алудан қорықпайтын батыл азаматтардың қолынан келетін жұмыс екенін ерекше атап өтті.
"Қазақстан балалар мен жастарға жан-жақты қолдау көрсететін әлемдегі аз елдің бірі. Дүниеге келген әр сәби бірден ұлттық бағдарламалардың қатысушысына айналады. Өздеріңізге мәлім, екінші жыл қатарынан Ұлттық қор табысының бір бөлігі балалардың есепшотына түсіп жатыр. Кәмелет жасына толғанда олар жинақталған қаржыны оқуға немесе баспана алуға жұмсай алады", - деді Тоқаев.
5 жастан асқан балаларға арналған "Келешек" бағдарламасы іске қосылды. Ата-ана балаларының болашақта алаңсыз білім алуына қаражат жинайды;
Әр бала алты-жеті жастан бастап мектепте тегін білім алады;
Бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ берілетін болды;
Оқушылар мемлекет есебінен әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатыса алады;
Мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына немесе колледжге грантқа түсу мүмкіндігі бар;
Соңғы жылдары грант саны көбейді;
"Болашақ" бағдарламасымен мыңдаған жас шетелде білім алып жатыр;
"Президенттік жастар кадр резерві" сұранысқа ие жобаға айналды;
Саяси реформалар аясында мәжіліс пен мәслихаттарда жастар үшін арнайы квота енгізілді.
"Келешекте мемлекетті басқарушылардың негізгі легі осы жас мамандардан қалыптасады. Осы жерге жиналған білімпаз, отаншыл жастар мәслихаттың немесе парламенттің құрамына кіретініне, тіпті үкіметте жұмыс істейтініне кәміл сенемін", - деді Тоқаев.
Бүгінде жас кәсіпкерлер мен отбасыларды қолдауға да айрықша мән беріледі. Мысалы, бизнесті дамытуға және баспана алуға жеңілдікпен несие беру қарастырылған.
"Бұл балалар мен жастардың өмірден өз орнын табуына жағдай жасауға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың бір парасы ғана", – деп түйіндеді президент.