Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы екі облыста жол жабылғанын хабарлады.
Бүгін сағат 12:40-та ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы:
"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырымы аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін);
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырымы аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
Жабылған жолдарды кешкі сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Жаңалықтар
0