Алматыда 17 жас ғалымға пәтер берілді
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек президент тапсырмасы бойынша 17 жас ғалымға пәтер сертификатын табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтер сертификатын табыстады
2024 жылдың мамыр айынан бастап 40 жасқа дейін қоса алғанда баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың тізімі жасалып келеді. Осы уақытқа дейін комиссияға 300-ге жуық өтінім келіп түсті.
"Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізуде. Жас ғалымдар санының артуы ғылымның дамуына, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, сондай-ақ жаңа экономикалық кластерлер құруға оң әсер етеді", - дейді министрлік мамандары.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтер сертификатын табыстады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтер сертификатын табыстады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтер сертификатын табыстады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтер сертификатын табыстады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтер сертификатын табыстады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас ғалымдарға пәтер сертификатын табыстады
Айта кетері, былтыр 25 жас ғалым тұрғын үй сертификатын алған болатын. Оған дейін министрлік пен "Отбасы банк" АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы уақытқа дейін аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.
