Шетелдік инвесторлар соттарға жиі шағым түсіре бастады

© Sputnik / Максим МасловАрхивное фото статуи богини правосудия Фемиды у здания Верховного суда Казахстана в Нур-Султане
Архивное фото статуи богини правосудия Фемиды у здания Верховного суда Казахстана в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. 2024 жылы қазақстандық соттарға шетелдік инвесторлардан екі жүзден астам талап-арыз түсті. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан инвестициялық форумда айтылды.
Шетелдік компаниялардың өкілдері қазақстандық шенеуніктердің әрекетіне жиі шағымдана бастады, талап қою саны жылына орта есеппен 10%-ке өсуде. Әдетте, жылына бір компаниядан екі-үш талап сотқа түседі.
"2024 жылы әкімшілік сотқа инвесторлардан 200-ге жуық талап келіп түсті. Соттар осы істердің 80%-ын инвесторлардың пайдасына шешеді", - деді форум аясында Қазақстан Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев.
Оның пікірінше, бұл нәтижеге инвесторлармен белсенді жұмыс істеудің, соттарда талаптарды қарау сапасын жақсартудың арқасында қол жеткізілді. Бірақ ең бастысы - әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер және өзгерген әкімшілік юрисдикция. Мұның бәрі, алқа төрағасының айтуынша, "салалық заңдардағы формализмді жеңуге мүмкіндік берді".
Инвесторлардың талаптарының негізгі бөлігі салық мәселелерімен байланысты. Сотта жауапкер көбіне қаржы министрлігі.
Талаптардың жекелеген санаты – өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жауап беретін жер қойнауын пайдалану саласы.
"Сотқа инвесторлар шыдамы таусылған кезде келеді. Мемлекеттік органдар олардың базынасын естімейді. "Шеврон" сияқты ірі инвесторларда проблема өте күрделі. Жалпы мұндай істер көп, бірақ олар сотқа жетпейді – министрліктер бұған жеткізбеуді жөн көреді", — дейді Аслан Түкиев.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жаңа редакциясы күшіне енген сәттен бастап Астана соттарына 900-ден астам талап-арыз түсті (оның ішінде әкімшілік және азаматтық даулар да бар).
Өткен жылы Қазақстан соттарында шетелдік инвесторлардың мүліктік құқықтары 100 млрд теңгеге ($195 млн) қорғалды. Келіп түскен талап-арыздардың 17%-інде ғана соттар бас тартты. Мұндай деректерді Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өз сөзінде келтірді.
Жаңалықтар
0