https://sputnik.kz/20250207/qazaqstanda-2026-zhyly-batys-shygys-optikalyq-gipermagistrali-salynady-50630052.html
Қазақстанда 2026 жылы Батыс-Шығыс оптикалық гипермагистралі салынады
Қазақстанда 2026 жылы Батыс-Шығыс оптикалық гипермагистралі салынады
Sputnik Қазақстан
Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтады 07.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-07T08:54+0500
2025-02-07T08:54+0500
2025-02-07T08:54+0500
меморандум
https://sputnik.kz/img/939/92/9399275_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_a4b4ec14ec38b675b3f928cf0eb89b1a.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен "Freedom Telecom Holding Ltd." компаниясы Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салу және Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) құру салаларында ынтымақтастық орнату туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Бұл бастамаларды жүзеге асыру елге Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы халықаралық деректер транзиті үшін баламалы маршрут құруға, Қазақстанның цифрлық қызметтер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемдік ірі IT-компанияларды тартуға мүмкіндік береді.Бұл жоба деректерді беру кідірістерін азайтуға, қосылу жылдамдығын арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы трафикті өткізуге баламалы маршрут қалыптастыруға бағытталған. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.Бұл әсіресе бұлтты технологиялар, қаржылық операциялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондай-ақ гипермагистраль құрылысы ірі IT-компанияларды, телекоммуникациялық корпорацияларды және деректерді жылдам және қауіпсіз тасымалдауға мүдделі қаржы институттары секілді халықаралық клиенттерді тартуға ықпал етеді.Жобаларды жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/92/9399275_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_def93f6f9cf322d0e21f45f2b8ead9f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
меморандум
Қазақстанда 2026 жылы Батыс-Шығыс оптикалық гипермагистралі салынады
Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтады
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен "Freedom Telecom Holding Ltd." компаниясы Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салу және Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) құру салаларында ынтымақтастық орнату туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл бастамаларды жүзеге асыру елге Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы халықаралық деректер транзиті үшін баламалы маршрут құруға, Қазақстанның цифрлық қызметтер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемдік ірі IT-компанияларды тартуға мүмкіндік береді.
"Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтып, Қазақстанды халықаралық интернет-трафик транзитіндегі негізгі қатысушыға айналдырмақ", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жоба деректерді беру кідірістерін азайтуға, қосылу жылдамдығын арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы трафикті өткізуге баламалы маршрут қалыптастыруға бағытталған. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.
Бұл әсіресе бұлтты технологиялар, қаржылық операциялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондай-ақ гипермагистраль құрылысы ірі IT-компанияларды, телекоммуникациялық корпорацияларды және деректерді жылдам және қауіпсіз тасымалдауға мүдделі қаржы институттары секілді халықаралық клиенттерді тартуға ықпал етеді.
Жобаларды жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.