"Имам зәулім үйде тұрады": жала жапқан адамға қатысты үкім шықты

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы мешіт
Астанадағы мешіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
Сотта жәбірленуші айыпталушыны заң бойынша жазалауды сұрады
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде имамға қатысты жала жапқан азаматтың ісін қарады.
Сот барысында құқық бұзушының әлеуметтік желілерге зәулім үй көрсетілген бейнеролик жариялап, ол зәулім үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражаттарына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтып, сол арқылы әлеуметтік желілерде ар-намыс пен қадір-қасиетке және басқа адамның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқанын анықталды.
"Айыпталған азамат өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғаны белгісіз екенін түсіндірді, бейнероликті видеоны көргендер саны көп болуы үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Сотта жәбірленуші айыпталушыны заң бойынша жазалауды сұрады. Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.
Сот қаулысымен айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
"Видеоға түсірме дедік": Петропавлда гуманитарлық көмек таратқан имам соққыға жығылды
Жаңалықтар
0