Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды.
2020 жылы күдікті Ұлытау облысында субсидия алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен 88 тұрғынның қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
"Екі сыбайласы әр түрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін қашып кеткен, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылы ол Грузия аумағында анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айта кетері, мұндай қылмыс жасағандар үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0