ЕАЭО елдері навигациялық пломбаларды енгізуді 2025 жылдың мамырына дейін аяқтайды

© Photo : Федерация профсоюзов БеларусиНавигациялық пломба
Навигациялық пломба - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
Қазір Ресей мен Беларусьте бұл жүйені енгізу басталды
АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. ЕАЭО-ға мүше елдер жүк тасымалдауға арналған навигациялық пломбалар туралы келісімді 2025 жылдың маусымына дейін орындауға міндетті. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өкілдеріне жүк тасымалдауда навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру бойынша жұмысты аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолшысы" порталы.
Наурызда сараптамалық топтың келесі отырысында жобаны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар ұсынылады. Келісімді жүзеге асыру бойынша жұмыс аяқталып, Еуразиялық экономикалық комиссияны 2025 жылдың 31 мамырына дейін хабардар етуге тиісті. Жүйені енгізу Ресей мен Беларусьте басталып кетті.
Алматыда өткен жиында ЕАЭО аумағындағы барлық транзиттің 70 пайызға жуығы еуразиялық көлік дәліздері арқылы өтетіні айтылды. Осыған байланысты әр елдің көлік желісінің ұлттық учаскелерін дамытуды үндестіруге ерекше көңіл бөлінеді.
"Еуразиялық көлік дәліздері одақтағы көлік инфрақұрылымының негізі болып табылады, біртұтас көлік кеңістігін қалыптастыруды және ЕАЭО транзиттік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді", - деді одақтың энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
Еске салайық, одақта навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауды қадағалау механизмін құру бойынша келісімге мемлекет басшылары 2022 жылдың сәуірінде қол қойып, 2023 жылдың сәуірінде күшіне енді.
Производство растительного масла  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
ЕАЭО нарығында май мен тоң май таңбаланады
Жаңалықтар
0