https://sputnik.kz/20250207/avtobus-ishin-zhatyn-orynga-aynaldyrgan-zhurgizushige-ayyppul-salyndy--50657949.html
Автобус ішін жатын орынға айналдырған жүргізушіге айыппұл салынды
Автобус ішін жатын орынға айналдырған жүргізушіге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Автобус жүргізушісі жолаушыларға қалааралық тұрақты тасымалдаудың күмәнді әдісін ұсынған 07.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-07T16:03+0500
2025-02-07T16:03+0500
2025-02-07T16:08+0500
автобус
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/02/07/50657789_1:0:1199:674_1920x0_80_0_0_8919bd8502c2ab3f943ffc5200dd43d7.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында жолаушылар қауіпсіздігін елемеген автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.Қостанай облысының "Алматы — Екатеринбург" тас жолында полицейлер заңсыз жабдықталған "YOTONG" автобусын тоқтатты. Салонда әдеттегі орындықтардың орнына 36 жтын орын орнатылған.Зерттеулер көрсеткендей, орындардың осындай құрылымы апаттар кезінде қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Автобус соқтығысқан жағдайда осындай құрылымдар жолаушыларды ұстап қала алмайды, бұл ауыр жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін.Полицейлер барлық кемшіліктер жойылғанға дейін автобусты пайдалануға тыйым салу арқылы жедел шаралар қабылдады және автобусты рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін жүргізушіге 60 мың теңге айыппұл тағайындады.
https://sputnik.kz/20250206/qostanayda-zhana-15-avtobus-paydalanuga-berildi-50617206.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/07/50657789_150:0:1049:674_1920x0_80_0_0_464ff433bfe6f970ff2efd814491b6dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус, полиция
Автобус ішін жатын орынға айналдырған жүргізушіге айыппұл салынды
16:03 07.02.2025 (жаңартылды: 16:08 07.02.2025) Автобус жүргізушісі жолаушыларға қалааралық тұрақты тасымалдаудың күмәнді әдісін ұсынған
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында жолаушылар қауіпсіздігін елемеген автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, — деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қостанай облысының "Алматы — Екатеринбург" тас жолында полицейлер заңсыз жабдықталған "YOTONG" автобусын тоқтатты. Салонда әдеттегі орындықтардың орнына 36 жтын орын орнатылған.
"Түркістан облысының 40 жастағы тұрғыны, автобус жүргізушісі жолаушыларға қалааралық тұрақты тасымалдаудың күмәнді әдісін ұсынған. Автобуста техникалық сынақтардан және тиісті сараптамалардан өтпеген конструкциялар қолданылғаны ерекше алаңдатады. Іс жүзінде жүргізуші автобустың құрылысына өз бетінше өзгерістер енгізген", - деп жазылған материалда.
Зерттеулер көрсеткендей, орындардың осындай құрылымы апаттар кезінде қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Автобус соқтығысқан жағдайда осындай құрылымдар жолаушыларды ұстап қала алмайды, бұл ауыр жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін.
Полицейлер барлық кемшіліктер жойылғанға дейін автобусты пайдалануға тыйым салу арқылы жедел шаралар қабылдады және автобусты рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін жүргізушіге 60 мың теңге айыппұл тағайындады.