Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Ақтаудағы балабақшалардың бірінде бухгалтер сотталды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық прокуратурасы.
Ол 9 млн теңге жымқырған.
"№39 "Хиуаз бөбекжай" балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған", - дейді ведомство.
Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-б. 1) тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сот үкімі шықты.
Бухгалтер 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2024
Жетісу облысында білім бөлімінің үш бухгалтері 34 млн ақша жымқырған
Жаңалықтар
0