Шымкентте 10 бизнес нысаны бұзылады

© Photo : сайт акимата ШымкентаУлицы Шымкента
Улицы Шымкента - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Биыл Шымкентте заңсыз салынған 10 бизнес нысаны бұзылады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Олардың ішінде "қызыл сызықта" тұрған және құрылыс талаптары ескерілмей, рұқсат құжаттарынсыз салынған ғимараттар бар.
"Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Ж.Адырбеков көшесі мекенжайындағы жеке кәсіпкер К.А.Егембердиеваға тиесілі құрылыс нысанына тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде кәсіпкердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны анықталды", - дейді ведомство.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен бұл нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз қанағаттандырылып, 2 қабатты ғимарат бұзылуда.
Қала аумағындағы заңсыз салынған 115 құрылыс нысаны бойынша 286 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жауапты мамандар жауапқа тартылды. Былтыр сот шешімімен 4 құрылыс нысаны бұзылған. Биыл 8 құрылыс нысанын бұзу туралы сот шешім шығарды.
Жаңалықтар
0