Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

© Sputnik / Санат Имангалиев В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева

В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Қуандық Бишімбаев түзеу мекемесі әкімшілігінің үстінен сотқа шағымданды, деп хабарлады Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті.
Шағымданушы түрме әкімшілігі оған көтермелеу жасамағанын айтқан.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Бұл сотталушының бір рет тәртіп бұзғаны ескеріліп, оған көтермелеу қолданылмады", - дейді департамент.
Сот Бишімбаевтың талап арызын қанағаттандырмады.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2024
Бишімбаевтың қай түрмеде жазасын өтеп жүргені белгілі болды
Жаңалықтар
0