Қарашығанақта "қазақстандық тендер" өткізіледі

© SputnikҚарашығанақ кен орны
Қарашығанақ кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." ЖШС бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев отандық тауар мен қызметтерді сатып алу саласында болатын өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі компанияның бес акционері энергетика министрлігімен келісімшарттарды әзірлеп жатыр.
"Ол жерде біраз үлкен өзгеріс бар. Ең маңыздысы офтейк-келісімшартқа байланысты. Бұрын біз келісімшарттарға қол қойғанда олар (кәсіпкерлер - Sputnik) нақты сол соманы ала ма, жоқ па, оны білмейтін. Ал жаңа өзгерістерге сәйкес, жергілікті компания өз ақшасын салып, жаңа өндірісті жолға қойса, біз оған ұзақ мерзімге белгілі бір сомаға және белгілі бір тауардың көлеміне қол қоятындай жаңа механизмді дамытып жатырмыз. Соның арқасында жергілкті инвесторлар өздерінің экономикалық горизонтын ұзаққа жоспарлай алады", - деді Манкеев мәжілісте өткен отырыста.
Оның айтуынша, бірнеше қазақстандық компанияға тендер өткізу тәжірибесі де қолға алынады.
"Мәселен, үш қазақстандық компания тауар мен жұмысымызды жасай алатын болса, біз тендерді солар үшін ғана өткіземіз. Бұрын ондай болған жоқ. Біз шетелдік компанияларды шақыруға мәжбүр болдық. Қазір кемінде үш қазақстандық компания болса жеткілікті. Оны "қазақстандық тендер" деп өткізе аламыз. Басты акционерлеріміз келісімдердің соңғы кезеңіне келіп қалды. Жақын арада шешіліп қалуы керек", - деді Манкеев.
Жаңалықтар
0