https://sputnik.kz/20250206/nauryz-meyramyna-oray-keruen-ekspress-zhane-jibek-joly-turistik-poyyzdary-zhuredi-50590792.html
Наурыз мейрамына орай "Керуен Экспресс" және "Jibek Joly" туристік пойыздары жүреді
Наурыз мейрамына орай "Керуен Экспресс" және "Jibek Joly" туристік пойыздары жүреді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Наурыз мейрамына орай "Керуен Экспресс" және "Jibek Joly" туристік пойыздары іске қосылады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ... 06.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-06T10:52+0500
2025-02-06T10:52+0500
2025-02-06T10:52+0500
наурыз мейрамы
туризм
https://sputnik.kz/img/07e9/02/06/50588405_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_beb50eda139c859bc9360c5b9351c0bf.jpg
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Наурыз мейрамына орай "Керуен Экспресс" және "Jibek Joly" туристік пойыздары іске қосылады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.Бұл бастама Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік байланыстарды кеңейту мақсатында қолға алынды. Жолаушылар қос елдің бай мәдени мұрасын тамашалап, Наурыз мейрамын Қазақстан мен Өзбекстанда қалай тойланатынын көріп, ұлттық дәстүрлердің ерекше үйлесімін сезіне алады.Туристік пойыздар заманауи қазақстандық өндірістен шыққан жаңа вагондардан құралған, олардың іші ұлттық ою-өрнектермен безендірілген."Керуен Экспресс" пойызында 5 вагон бар: 4 купе және 1 мейрамхана вагоны. "Jibek Joly" пойызы 7 вагоннан тұрады, оның ішінде 6 купе және 1 мейрамхана вагоны бар.Түркістанда туристер киелі орындар мен тарихи сәулет өнерінің жауһарларымен танысады. Олардың ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Ұлы Жібек жолы дәуірінің ерекше атмосферасын қайта жаңғыртқан "Керуен-сарай" кешені бар.Ташкентте туристер Хазрати Имам тарихи кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Каффал Шаши және Төле би кесенелері сынды тарихи орындарды аралап, көне сәулет өнерінің сырларына қанығады. Сонымен қатар олар "Magic City" тақырыптық саябағы мен басқа да заманауи демалыс орындарында уақыттарын қызықты өткізе алады.Самарқанда туристер Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және әйгілі Регистан алаңындағы Шер-Дор, Тіллә-Кари, Ұлықбек медреселерін аралап, көне өркениеттің тарихи мұраларымен жақынырақ танысады."Керуен Экспресс" туристік пойызының қорытынды аялдамасы – Қазақстанның көне шаһарларының бірі Тараз қаласы. Мұнда туристер өңірдің тарихи-мәдени мұралармен танысып, бай архитектуралық жәдігерлерін тамашалай алады.Турпакет құнына комфортты туристік пойыздағы жол жүру, жоғары деңгейдегі сервис, кәсіби гидтер жетекшілігіндегі экскурсиялар, тамақтану, кіру билеттері және трансфер қызметтері қамтылған.Турпакеттер туристік агенттіктер арқылы қолжетімді. "Jibek Joly" пойызының турпакеті жайлы толық ақпарат алу үшін +7 (701) 204-34-39 нөміріне, ал "Керуен Экспресс" пойызының турпакеті бойынша +7 (701) 750-40-00 нөміріне хабарласуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/06/50588405_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9cfb50172ffe302e1a2d6fb644cbaff6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы, туризм
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Наурыз мейрамына орай "Керуен Экспресс" және "Jibek Joly" туристік пойыздары іске қосылады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Бұл бастама Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік байланыстарды кеңейту мақсатында қолға алынды. Жолаушылар қос елдің бай мәдени мұрасын тамашалап, Наурыз мейрамын Қазақстан мен Өзбекстанда қалай тойланатынын көріп, ұлттық дәстүрлердің ерекше үйлесімін сезіне алады.
"Керуен Экспресс" туристік пойызы Алматыдан шығып, "Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Тараз-Алматы" бағыты бойынша жүреді. Саяхат ұзақтығы 7 күн – 2025 жылғы 21-27 наурыз аралығында. "Jibek Joly" пойызы да Алматыдан жолға шығып,"Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқан-Алматы" бағытымен қатынайды. Бұл тур 6 күнге созылады – 2025 жылғы 20-25 наурыз аралығында өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Туристік пойыздар заманауи қазақстандық өндірістен шыққан жаңа вагондардан құралған, олардың іші ұлттық ою-өрнектермен безендірілген.
"Керуен Экспресс" пойызында 5 вагон бар: 4 купе және 1 мейрамхана вагоны. "Jibek Joly" пойызы 7 вагоннан тұрады, оның ішінде 6 купе және 1 мейрамхана вагоны бар.
Түркістанда туристер киелі орындар мен тарихи сәулет өнерінің жауһарларымен танысады. Олардың ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Ұлы Жібек жолы дәуірінің ерекше атмосферасын қайта жаңғыртқан "Керуен-сарай" кешені бар.
Ташкентте туристер Хазрати Имам тарихи кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Каффал Шаши және Төле би кесенелері сынды тарихи орындарды аралап, көне сәулет өнерінің сырларына қанығады. Сонымен қатар олар "Magic City" тақырыптық саябағы мен басқа да заманауи демалыс орындарында уақыттарын қызықты өткізе алады.
Самарқанда туристер Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және әйгілі Регистан алаңындағы Шер-Дор, Тіллә-Кари, Ұлықбек медреселерін аралап, көне өркениеттің тарихи мұраларымен жақынырақ танысады.
"Керуен Экспресс" туристік пойызының қорытынды аялдамасы – Қазақстанның көне шаһарларының бірі Тараз қаласы. Мұнда туристер өңірдің тарихи-мәдени мұралармен танысып, бай архитектуралық жәдігерлерін тамашалай алады.
Турпакет құнына комфортты туристік пойыздағы жол жүру, жоғары деңгейдегі сервис, кәсіби гидтер жетекшілігіндегі экскурсиялар, тамақтану, кіру билеттері және трансфер қызметтері қамтылған.
Турпакеттер туристік агенттіктер арқылы қолжетімді. "Jibek Joly" пойызының турпакеті жайлы толық ақпарат алу үшін +7 (701) 204-34-39 нөміріне, ал "Керуен Экспресс" пойызының турпакеті бойынша +7 (701) 750-40-00 нөміріне хабарласуға болады.