Газды вагондап ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
Жұмысшылар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдіктілергаз өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып шықты.
"Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан 12 вагон ұсталды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Тиісті сараптамалар тағайындалды, келтірілген шығынның сомасы анықталады.
Жаңалықтар
0