https://sputnik.kz/20250206/finlyandiyanyn-zhaldamaly-sarbazdary-uqk-qatarynda-erikti-retinde-sogysyp-zhur-51678883.html
Финляндияның жалдамалы сарбаздары УҚК қатарында ерікті ретінде соғысып жүр
Финляндияның жалдамалы сарбаздары УҚК қатарында ерікті ретінде соғысып жүр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Финляндияның жалдамалы сарбаздары ерікті медицина қызметкерлерінің атын жамылып, өздерінің "Nordic Combat Medics" атты құрылымын... 06.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-06T15:16+0500
2025-02-06T15:16+0500
2025-03-17T15:17+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51667255_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6f3a39b83fcb4d6731a286ef6c0b7e5d.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Финляндияның жалдамалы сарбаздары ерікті медицина қызметкерлерінің атын жамылып, өздерінің "Nordic Combat Medics" атты құрылымын жасақтап отыр. Аталған топ украиналық "Госпитальеры" еріктілер батальонына кіреді, деп хабарлайды РИА Новости."Госпитальеры" батальоны "Правый сектор"* мүшесі Яна Зинкевичтің бастамасымен құрылған. Олар өздерін медицианалық көмек көрсететін құрылым ретінде көрсетіп жүр.Бұған дейін РИА Новости тілшісі ашық деректердің негізінде осы батальонға кіретін көптеген шетелдік жалдамалы сарбаздардың әскери іс-қимылдарға қатысатынын анықтады. Оларды медициналық көмек бойынша "инструкторлар" немесе “медик-еріктілер" деп атайды. Бірақ шын мәнінде барлығы әскери іс-қимылдарға қатысады."Nordic Combat Medics" (@nordicmedics) батальонын Тина Сойни (Tina Soini) басқарған. 2024 жылы көктемде ол медициналық университетте оқуын жалғастыру үшін өз қызметінен кеткен. Оның орнына басқа финдік "медик" Эркка Лейкас келді.Бұған дейін топ мүшелері @finnish_rescue_team деген аккаунтты жүргізген. Ал 2023 жылы оны өзгертіп жіберді. Дегенмен "волонтерлер" IFRT (International Finnish Rescue Team) логотипі бар заттарды, тіпті техниканы да пайдаланады. Finn Rescue Team (FRT) — бұл Финляндияда және шетелде операцияларды өткізу үшін құрылған топ. Оны осы елдің үкіметі құрды. Ал операциялардың қатарына құтқару мен гуманитарлық шаралар кіреді. Топ тапсырмаларды орындау кезінде Финляндияның ішкі істер министрлігіне және дағдарыс жағдайларын басқару орталығына бағынады. Қазіргі кезде www.nordiccombatmedics.com сайты арқылы қаржы жиналады. Сол жерде құрылымның логотипі бар заттарды да сатып алуға болады."Nordic Combat Medics" парақшасында жарияланған соңғы бір материалда Алекси Лисандраны еске алады. Ол Украинаның аумақтық қорғаныс легионына кірген. Әскери іс-қимылдар кезінде қаза тапты. Бұдан бөлек, бұл топта Хельсинкиден келген Миро Сейттамо (Miro Seittamo) қызмет атқарып жүр. Бұрын ол фин армиясында болды.* Ресейде тыйым салынған экстремистік ұйым
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51667255_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_a504d93ac9dfe638dca08f4c083374fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Финляндияның жалдамалы сарбаздары УҚК қатарында ерікті ретінде соғысып жүр
15:16 06.02.2025 (жаңартылды: 15:17 17.03.2025) АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Финляндияның жалдамалы сарбаздары ерікті медицина қызметкерлерінің атын жамылып, өздерінің "Nordic Combat Medics" атты құрылымын жасақтап отыр. Аталған топ украиналық "Госпитальеры" еріктілер батальонына кіреді, деп хабарлайды
РИА Новости. "Госпитальеры" батальоны "Правый сектор"* мүшесі Яна Зинкевичтің бастамасымен құрылған. Олар өздерін медицианалық көмек көрсететін құрылым ретінде көрсетіп жүр.
Бұған дейін РИА Новости тілшісі ашық деректердің негізінде осы батальонға кіретін көптеген шетелдік жалдамалы сарбаздардың әскери іс-қимылдарға қатысатынын анықтады. Оларды медициналық көмек бойынша "инструкторлар" немесе “медик-еріктілер" деп атайды. Бірақ шын мәнінде барлығы әскери іс-қимылдарға қатысады.
"Nordic Combat Medics" (@nordicmedics) батальонын Тина Сойни (Tina Soini) басқарған. 2024 жылы көктемде ол медициналық университетте оқуын жалғастыру үшін өз қызметінен кеткен. Оның орнына басқа финдік "медик" Эркка Лейкас келді.
Бұған дейін топ мүшелері @finnish_rescue_team деген аккаунтты жүргізген. Ал 2023 жылы оны өзгертіп жіберді. Дегенмен "волонтерлер" IFRT (International Finnish Rescue Team) логотипі бар заттарды, тіпті техниканы да пайдаланады. Finn Rescue Team (FRT) — бұл Финляндияда және шетелде операцияларды өткізу үшін құрылған топ. Оны осы елдің үкіметі құрды. Ал операциялардың қатарына құтқару мен гуманитарлық шаралар кіреді. Топ тапсырмаларды орындау кезінде Финляндияның ішкі істер министрлігіне және дағдарыс жағдайларын басқару орталығына бағынады. Қазіргі кезде www.nordiccombatmedics.com сайты арқылы қаржы жиналады. Сол жерде құрылымның логотипі бар заттарды да сатып алуға болады.
"Nordic Combat Medics" парақшасында жарияланған соңғы бір материалда Алекси Лисандраны еске алады. Ол Украинаның аумақтық қорғаныс легионына кірген. Әскери іс-қимылдар кезінде қаза тапты. Бұдан бөлек, бұл топта Хельсинкиден келген Миро Сейттамо (Miro Seittamo) қызмет атқарып жүр. Бұрын ол фин армиясында болды.
* Ресейде тыйым салынған экстремистік ұйым