Биыл 13 мың шақырым жолға жөндеу жүргізіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинАқылы тас жол
Ақылы тас жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
Жергілікті маңызы бар жалпы ұзындығы 4,2 мың шақырым болатын жолдарды жөндеу жоспарланған
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Биылғы жол құрылысы маусымында 13 мың шақырым жолда құрылыс пен жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Ұзындығы 2,2 мың шақырым жолға құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жасалады. Ал 6,6 мың шақырым жолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Жалпы ұзындығы шамамен 1 мың шақырым болатын, құрылысы жүріп жатқан "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда – Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" күре жолдарында жұмыс жалғасады. Сонымен қатар төрт жолақты "Ақтөбе – Ұлғайсын", "Қарағанды – Жезқазған", "Атырау – Доссор" және "Сарыағаш қаласының айналма жолы" жобаларының құрылысын бастау көзделген. Олардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асады", - деп хабарлады ведомстводағылар.
10 мың шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалады.
Өткен жылы орташа жөндеу жұмыстары басталған "Жезқазған – Петропавл", "Қарағанды – Аягөз – Бұғаз", "Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз" сияқты ірі жобаларда биыл да жұмыстар жалғаспақ.
"Биыл бұдан өзге "Қарабұтақ – Рудный – Қостанай", "Атырау – Орал" және "Астана – Қорғалжын" автожолдарының учаскелерін қоса алғанда, ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары басталады", - дейді министрлік.
Жергілікті маңызы бар жалпы ұзындығы 4,2 мың шақырым болатын жолдарды жөндеу жоспарланған. Олардың қатарында "Атырау – Форт – Шевченко", "Түркістан – Шәуілдір", "Чапай – Сайқын" жолдары, сондай-ақ Семей қаласындағы көпірдің құрылысы бар.
Завершена реконструкция дороги Атырау-Астрахань - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Елімізде 5 мың шақырымға жуық жаңа республикалық жол салынады
Жаңалықтар
0