Бәсекелестікті қорғау агенттігі құс өнімін өндірушілерге қатысты заңсыздықты анықтады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚұс еті
Құс еті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
Құс өнімін өндірушілер арасында квота біркелкі бөлінбейді
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Құс еті нарығындағы бәсекелестікте негізгі проблемалар анықталды. Бұл жүйелі түрде шешуді талап ететін мәселе, деп хабарлайды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Ведомствоның хабарлауынша, квота біркелкі бөлінбейді, мысалы бұрыннан келе жатқан жеткізушілер квотаның 90%-ін алады, ал жаңа қатысушыларға тек 10% квота тиесілі.
Яғни, бұл саладағы жаңа жеткізушілерге жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Салдарынан құс өнімдерінің бағасы реттелмей тұр.

"2023 жылы тауық еті өндірісінің 12%-ке өсуіне қарамастан, ішкі нарықта тұтыну қажеттілігі өз өндірісімен 66%-ке қамтамасыз етіледі. Импортқа тәуелділік 34% деңгейінде сақталып келеді. Бұған негізгі себеп - өнімнің жоғары құны, мұнда 68% импорттық компоненттер бағасының ауытқуына ұшыраған жем есебінен қалыптасады", - дейді ведомстводағылар.

Сонымен қатар, өндірушілер үшін қосымша кедергі ретінде субсидиялардың кешігуі де себеп, бұл олардың қаржылық тұрақтылығына және өндірісті кеңейту мүмкіндігіне кері әсер етеді.
Интернет. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алулар көбіне ашық бәсекелестік әдістермен жүзеге асырылады
Жаңалықтар
0