Астана экономикалық форумына жұмсалатын қаржының көлемі жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневАстана, виды города
Астана, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
Шараға қажетті қаржыны демеушілердің есебінен тартуға басымдық беріледі
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астана экономикалық форумына қажетті қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде үкімет форумды ұйымдастыруға 4,5 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр.
"Біз бұл соманы оңтайландырып көреміз. Бірақ осынша қаржы керек. Негізі мұндай деңгейдегі форум үшін бұл үлкен сома емес", - деді Жұманғарин журналистерге берген сұхбатында.
Вице-премьер форумды дайындайтын жұмыс тобының құрамына кіреді. Оның айтуынша, шараға қажетті қаржыны демеушілердің есебінен тартуға басымдық беріледі.
"Бәрі солай істейді. Ертең сол демеушілердің жарнамасы форумның кіреберісінде ілініп тұрады. Біз оларға өз бутиктерін қоюға мүмкіндік жасаймыз. Астана халықаралық форумының сайты да бар. Оны барлық әлемдік алаңнан табуға болады. Сондықтан демеушілер өз қызметі үшін жақсы дивиденд алады", - деп атап өтті вице-премьер.
Бұған дейін коронавирус пен су тасқынына байланысты Астана экономикалық форумы өткізілмеді. Жұманғариннің айтуынша, енді ол шараны өткізіп, инвестор тарту қажет.
Жаңалықтар
0