https://sputnik.kz/20250205/sot-oryndaushy-nelikten-alimentke-arnayy-shot-ashu-qazhettigin-tusindirdi-50569122.html
Сот орындаушы неліктен алиментке арнайы шот ашу қажеттігін түсіндірді
Сот орындаушы неліктен алиментке арнайы шот ашу қажеттігін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 қаңтар — Sputnik. Жақында неке және отбасы туралы заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасалды. Сот орындаушылар алимент алушыларды арнайы шот ашуға... 05.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-05T17:12+0500
2025-02-05T17:12+0500
2025-02-05T17:12+0500
алимент
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АЛМАТЫ, 5 қаңтар — Sputnik. Жақында неке және отбасы туралы заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасалды. Сот орындаушылар алимент алушыларды арнайы шот ашуға міндеттеу мәселесін көтерді. Жаңа заң нені көздейді, миллионға тарта баланың мәселесін шеше ме, Sputnik Қазақстан тілшісі зерттеп көрді.Былтыр жыл аяғында жеке сот орындаушыларға 343 мың алименттік іс түскен. Ол жаңа жылға қарай 40 мыңға азайған. Өйткені алимент алып жүрген балалардың кейбірі 18 жасққа толып кеткен, басқа да факторлар бар. Бұл 300 мыңға жуық әйел баласына алимент өндіріп жатыр деген сөз, ал отбасындағы бала саны туралы нақты ақпарат жоқ. Сот орындаушылардың болжамынша әкесін емес, алиментті пана тұтқан бала саны миллионға жете жығылады.Жақында сол алиментті алу үшін балаға жеке шот ашу туралы мәселе көтеріліп, қоғамның талқысына ұсынылды. Бірақ жеке шот ашуға асығып жатқан адам жоқ. Бұл шот не үшін қажет, пайдасы қандай? Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палата басшысының орынбасары Айбын Өтегенов түсіндірді.Алимент алушыға арнайы шотты міндеттеу керекАлиментке арнайы шотты ашқысы келген адам ашады, ашқысы келмегендерді ешкім міндеттей алмайды."Біздің ұсынып отырғанымыз – алимент алушыны арнайы шот ашуға міндеттеу, балаға уақытылы ақша төленсе дейміз. Сол кезде оны шеше алмай қалу деген әңгіме болмайды. Басқа шоттарға арест қойылғанымен, баланың арнайы шотына арест қойылмайды. Арнайы шотты екінші деңгейлі банктерде тегін ашады, бірақ біз оған міндеттей алмаймыз", - дейді Айбын Өтегенов.Сот орындаушының айтуынша, бұл тек банктердің жұмысын көбейтеді, басқа кесірі жоқ."Алимент алушы әлеуметтік төлем алар кезде алимент табыс көзі ретінде есептеліп кетеді, өйткені бәрі әйелдің шотына түсіп жатыр. Негізі арнайы шотты міндеттеу керек, өйткені бұл өте тиімді. Арнайы шот аштырып, неге қиындатып жатыр деген сұрақ тууы мүмкін, бірақ бұл шешесінің қарызы үшін баланың ақшасына шектеу қойылмау үшін қажет", - дейді Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палата басшысының орынбасары.Арнайы шотты аналар құнттамай жүрКлиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы Ұлттық банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы 207-қаулысы қабылданған. Оған сәйкес кейбір құқықтық нормаларға өзгеріс енгізу қарастырылуда. Баласының қамын ойлаған ана міндетті түрде арнайы шот ашады, дейді заңгер Олжас Әбілқайыр."Егер түсінікті тілмен айтсақ, алимент алушы ана алимент немесе мемлекеттік өтемақыны алу үшін шот ашу керек. Адам болған соң қарыз болмай тұрмайды, егер сот орындаушылар шоттарға шектеу қойса, баланың да ақшасын ала алмай қалады. Талапкерлер баланың ақшасын арнайы шоттан ғана ала алмайды", - деп түсіндірді Олжас Әбілқайыр.Заңгердің айтуынша, ажырасқан аналар арнайы шотты ашуды құнттамай жүр."Алиментке басқа банктегі шоттарын бере салады. Сот орындаушылар қарыз үшін ол ақшаны алып қояды. Арнайы шоттағы ақшаны бала 18 жасқа толғанша ала алмайды деген жалған ақпарат. Кейбір адамдар "баланың атына шот ашсын" деп жазып жатыр. Ол мүмкін емес, өйткені Отбасы туралы заңға сәйкес кәмелетке толмаған баланың заңды қорғаушысы болады. Шотты заңды қорғаушысы ғана аша алады. Себебі 18-ге толмаған бала өз ісіне жауап бере алмайды деп есептеледі", - дейді заңгер.Алименттерді есепке алу үшін жеке банктік шот ашуды талап ететін жаңа норма қоғам талқысына ұсынылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_313:0:3774:2596_1920x0_80_0_0_7d86776e6e96bc3c9abe05311cf2e794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алимент
АЛМАТЫ, 5 қаңтар — Sputnik. Жақында неке және отбасы туралы заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасалды. Сот орындаушылар алимент алушыларды арнайы шот ашуға міндеттеу мәселесін көтерді. Жаңа заң нені көздейді, миллионға тарта баланың мәселесін шеше ме, Sputnik Қазақстан тілшісі зерттеп көрді.
Былтыр жыл аяғында жеке сот орындаушыларға 343 мың алименттік іс түскен. Ол жаңа жылға қарай 40 мыңға азайған. Өйткені алимент алып жүрген балалардың кейбірі 18 жасққа толып кеткен, басқа да факторлар бар. Бұл 300 мыңға жуық әйел баласына алимент өндіріп жатыр деген сөз, ал отбасындағы бала саны туралы нақты ақпарат жоқ. Сот орындаушылардың болжамынша әкесін емес, алиментті пана тұтқан бала саны миллионға жете жығылады.
Жақында сол алиментті алу үшін балаға жеке шот ашу туралы мәселе көтеріліп, қоғамның талқысына ұсынылды. Бірақ жеке шот ашуға асығып жатқан адам жоқ. Бұл шот не үшін қажет, пайдасы қандай? Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палата басшысының орынбасары Айбын Өтегенов түсіндірді.
"Бұл алиментке арналған арнайы шот. Отбасы туралы кодексте баланың мүлкі туралы қарастырылған. Мысалы алиментке берген әйел алиментті өз шотына аудартып жатады. Ол әйелдің басқа қарызы болса, шотына шектеу қойылып, қиналып қалады. Салдарынан балаға төленген ақшадан да айырылады. Сот орындаушы арқылы уақытша шешіп, аресті қайта қоюға болады. Бірақ бұл артық жұмыс", - дейді сот орындаушы.
Алимент алушыға арнайы шотты міндеттеу керек
Алиментке арнайы шотты ашқысы келген адам ашады, ашқысы келмегендерді ешкім міндеттей алмайды.
"Біздің ұсынып отырғанымыз – алимент алушыны арнайы шот ашуға міндеттеу, балаға уақытылы ақша төленсе дейміз. Сол кезде оны шеше алмай қалу деген әңгіме болмайды. Басқа шоттарға арест қойылғанымен, баланың арнайы шотына арест қойылмайды. Арнайы шотты екінші деңгейлі банктерде тегін ашады, бірақ біз оған міндеттей алмаймыз", - дейді Айбын Өтегенов.
Сот орындаушының айтуынша, бұл тек банктердің жұмысын көбейтеді, басқа кесірі жоқ.
"Алимент алушы әлеуметтік төлем алар кезде алимент табыс көзі ретінде есептеліп кетеді, өйткені бәрі әйелдің шотына түсіп жатыр. Негізі арнайы шотты міндеттеу керек, өйткені бұл өте тиімді. Арнайы шот аштырып, неге қиындатып жатыр деген сұрақ тууы мүмкін, бірақ бұл шешесінің қарызы үшін баланың ақшасына шектеу қойылмау үшін қажет", - дейді Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палата басшысының орынбасары.
Арнайы шотты аналар құнттамай жүр
Клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы Ұлттық банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы 207-қаулысы қабылданған. Оған сәйкес кейбір құқықтық нормаларға өзгеріс енгізу қарастырылуда. Баласының қамын ойлаған ана міндетті түрде арнайы шот ашады, дейді заңгер Олжас Әбілқайыр.
"Егер түсінікті тілмен айтсақ, алимент алушы ана алимент немесе мемлекеттік өтемақыны алу үшін шот ашу керек. Адам болған соң қарыз болмай тұрмайды, егер сот орындаушылар шоттарға шектеу қойса, баланың да ақшасын ала алмай қалады. Талапкерлер баланың ақшасын арнайы шоттан ғана ала алмайды", - деп түсіндірді Олжас Әбілқайыр.
Заңгердің айтуынша, ажырасқан аналар арнайы шотты ашуды құнттамай жүр.
"Алиментке басқа банктегі шоттарын бере салады. Сот орындаушылар қарыз үшін ол ақшаны алып қояды. Арнайы шоттағы ақшаны бала 18 жасқа толғанша ала алмайды деген жалған ақпарат. Кейбір адамдар "баланың атына шот ашсын" деп жазып жатыр. Ол мүмкін емес, өйткені Отбасы туралы заңға сәйкес кәмелетке толмаған баланың заңды қорғаушысы болады. Шотты заңды қорғаушысы ғана аша алады. Себебі 18-ге толмаған бала өз ісіне жауап бере алмайды деп есептеледі", - дейді заңгер.
Алименттерді есепке алу үшін жеке банктік шот ашуды талап ететін жаңа норма қоғам талқысына ұсынылды.