Қостанай облысында санитарлық авиация ұшағы апатты жағдайда қонды

© Photo : МЧС КазахстанаСильный шторм сбил с курса самолет санавиации в Казахстане
Сильный шторм сбил с курса самолет санавиации в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Бүгін Қостанай – Арқалық бағытында ұшқан АН-2 санитарлық авиация ұшағы қатты келіп қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға Арқалық қаласынан 1,5 км қашықтықта, әуежай маңында қатты боран соғып тұрған кезде болған. Әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер.
Костанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істейді.
Құтқарушылар адамдарды аман-есен тауып, Арқалық қаласына жеткізді. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0