https://sputnik.kz/20250205/qazaqstanga-kelgen-sheteldikterge-qr-kody-bar-arnayy-kartalar-beriledi-50557950.html
Қазақстанға келген шетелдіктерге QR-коды бар арнайы карталар беріледі
Қазақстанға келген шетелдіктерге QR-коды бар арнайы карталар беріледі
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігі елге келген қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді 05.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-05T10:53+0500
2025-02-05T10:53+0500
2025-02-05T11:24+0500
туристер
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50551654_0:125:1200:800_1920x0_80_0_0_2134f674e706986bf7a0defb13719c88.jpg
АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Енді шетелдіктер Қазақстанға сапары кезінде QR-коды бар арнайы карталар алады, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.Ведомстводағылар елге келетін туристердің қауіпсіздігі басты мақсат екенін деп түсіндірді.Астана халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға QR-коды бар алғашқы карталар беріле бастады.Сондай-ақ министрлік SafeTravel.kz сайтында қандай ақпарат табуға болатынын түсіндірді.Бұл:Сондай-ақ жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, бірыңғай құтқару қызметі секілді басқа да төтенше жағдайлар қызметінің байланыстары қарастырылған.Жүйені іске қосу тек туристерді қорғауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар саяхат пен инвестиция мекені ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған, деп хабарлады министрліктегілер.
https://sputnik.kz/20250128/qaragandyda-turisterge-arnalgan-aqparattyq-ortalyq-ashylady-50363643.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50551654_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_2219355c11aa0313f24fdc2c1d1c5dc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, қауіпсіздік
Қазақстанға келген шетелдіктерге QR-коды бар арнайы карталар беріледі
10:53 05.02.2025 (жаңартылды: 11:24 05.02.2025) Ішкі істер министрлігі елге келген қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Енді шетелдіктер Қазақстанға сапары кезінде QR-коды бар арнайы карталар алады, деп хабарлады
ішкі істер министрлігі.
Ведомстводағылар елге келетін туристердің қауіпсіздігі басты мақсат екенін деп түсіндірді.
"Енді әрбір шетелдік азамат елге кірген кезде, оның ішінде шекаралық бақылаудан өткен кезде SafeTravel.kz электронды көптілді порталына апаратын QR-коды бар арнайы карта алады. Портал туристердің Қазақстанда қауіпсіз сапары үшін қажетті ақпарат пен ұсыныстарды, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеп алу сілтемелерін ұсынады", - делінген хабарламада.
Астана халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға QR-коды бар алғашқы карталар беріле бастады.
Сондай-ақ министрлік
SafeTravel.kz сайтында қандай ақпарат табуға болатынын түсіндірді.
полициямен жедел байланысуға арналған, оның ішінде "SOS" функциясы арқылы байланысуға арналған "102" мобильді қосымшасы;
көші-қон заңнамасын сақтау туралы жадынама;
танымал қосымшаларға сілтемелері бар өздері келген қаланың картасы;
ресми таксилер мен онлайн-сервистердің тізімі;
ресми сайттарына сілтемелері бар байланыс операторларының тізімі;
әртүрлі жағдайдағы әрекеттердің алгоритмдері.
Сондай-ақ жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, бірыңғай құтқару қызметі секілді басқа да төтенше жағдайлар қызметінің байланыстары қарастырылған.
Жүйені іске қосу тек туристерді қорғауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар саяхат пен инвестиция мекені ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған, деп хабарлады министрліктегілер.