Мыңнан астам елді мекенді су басу қаупі бар – министр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСолтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны
Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Жазылу
Ол елді мекендердің басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында орналасқан
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су басу қаупі бар аймақтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, 1 223 елді мекен су басу қаупі жоғары аймақтарда орналасқан.
"Ол елді мекендердің басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Онда 186 елді мекенді су басу қаупі бар. Одан кейін Қарағанды облысы – 150 елді мекен, Ақмола облысы – 144 елді мекен, Солтүстік Қазақстан облысы – 116 елді мекен және Шығыс Қазақстан облысы – 72 елді мекен", - деді Әрінов мәжілісте өткен брифингте.
Оның айтуынша, бұл статистика және одан үрейленудің қажеті жоқ.
"Адамдар ол елді мекендердің бәрін су басады деп ойлайды. Олай болмайды. Біз су басу қаупі бар деп отырмыз. Бірақ біз шара қолдана аламыз", - деді министр.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Су тасқыны: министрлік өңірлердегі дайындық туралы мәлімет берді
Жаңалықтар
0