Қазақстан Мысырға 1 млн тонна астық экспорттауға дайын

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуСушка зерна, архивное фото
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан Мысырға 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға дайын. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мысыр елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хассан Ибтиссам Ракха Ахмедпен кездесуінде айтты.
Айдарбек Сапаровтың пікірінше Мысырмен жалпы тауар айналымындағы АӨК өнімдерінің үлесі төмен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара тиімді жеткізу көлемін ұлғайту әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды.
"Біз жұмысты күшейтуіміз керек. 2024 жылы қабылданған шаралар мен агротехнологияларды сақтаудың арқасында дәнді дақылдардың рекордтық өнімі жиналды. Біз Мысыр еліне 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға дайынбыз, ал қажет болған жағдайда жеткізу көлемін ұлғайтуға дайынбыз", - деп атап өтті министр.
Хассан Ибтиссам Ракха Ахмед Қазақстанға осы мәселені талқылау үшін жақын арада "Мысыр елінің болашағы – тұрақты даму" агенттігінің өкілдері келетінін хабарлады.
Қазақстандық тарап олардың жұмысына жан-жақты көмек көрсетуге дайын.
Сондай-ақ Мысырға сиыр мен қой экспорттау, бидай мен дәнді дақылдарды сақтауға арналған қоймаларды бірлесіп салу мәселелері қаралды.
Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
ҚТЖ арқылы Орталық Азия елдеріне астық экспорты артты
Жаңалықтар
0