Министр құтқарушыларға қандай төлемдер мен өтемақылар берілетінін айтты

ТЖМ көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Жазылу
Мәжіліс депутаттары заңды бірінші оқылымда қабылдады
АСТАНА, 5 ақпан– Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа заң аясында құтқарушыларға қандай төлемдер мен өтемақылар берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде азаматтық қорғау қызметкерлеріне тұрғын үй өтемақысы және қызметі бойынша басқа өңірге көшкені үшін қосымша ақы төленбейді.

"Бұл төлемдерді белгілеу қызметкерлерге, әсіресе жылжымайтын мүлік құны қымбат өңірлерде тұрғын үй шығындарын өтеуге көмектеседі", - деді Әрінов мәжілістің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, өмір сүру жағдайлары қауіпті шалғай және жетуі қиын жерлерде, атап айтқанда төтенше жағдай, әскери немесе төтенше жағдай жарияланған жерде жұмыс істегені үшін өтемақы төленбейді, шипажай-сауықтыру емімен қамтамасыз етілмейді. Сондай-ақ, казармалық жағдайда болғаны үшін тамақтандыру қарастырылмаған.

“Осы өтемақылар қызметкерлерге олардың кәсіби қызметтеріне байланысты төнетін қауіп-қатерлер мен қиындықтарды өтейді. Жалпы алғанда, тұрғын үй төлемдері мен үстемеақыларды белгілеу, білікті мамандарды тартуға және олардың тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі”,-деді министр.

Мәжіліс депутаттары заңды бірінші оқылымда қабылдады. Алдағы уақытта екінші оқылым бар. Одан кейін заңды сенат депутаттары қарайды.
Мәжіліс депутаттарының отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық орталық ашылады - мәжіліс заң қабылдады
Жаңалықтар
0