Ковидтің салдарынан туындаған аурулардың саны артып келеді – академик Онищенко

© Sputnik / Мария ДевахинаГеннадий Онищенко
Геннадий Онищенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Sputnik Қазақстан алаңында өткен Мәскеу – Астана – Бішкек – Ереван видеокөпірі барысында Ресей ғылым академиясының академигі, Ресей білім академиясы президентінің орынбасары Геннадий Онищенко жаһандық жылыну салдары адам денсаулығына қалай әсер ететінін айтты.
Жылыну салдарынан жаңа инфекциялар пайда болады, дейді ол.
"Әрине, жылыну инфекциялардың таралуына әсер етеді. Қандай инфекциялар пайда болады, әзірге болжау қиын. Біз ұмытып кеткен, есімізден шығып кеткен инфекциялар қайта пайда болуы мүмкін", - дейді академик.
Алайда жылы ауа райы жедел респираторлық вирустық инфекцияларды азайтады, демек тұмаумен ауыратындар азаяды.
"Егер адам ағзасы гипотермиялық болмаса, онда инфекциялармен күресу оңайырақ. Әдетте, жылы температура вирустар үшін қолайсыз", - дейді Онищенко.
Ол сондай-ақ АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуы эпидемияға қарсы жаһандық жүйенің әлсіреуіне әкеледі деп санайды. Өйткені қаржы бөлінбесе нәтиже болмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024-2025 жылдары ДДҰ-ның жалпы бюджеті 6 6,8 млрд доллар болды, оның ішінде АҚШ 958 млн доллар бөліп, ұйымның барлық жарнасының 14%-ін қамтамасыз етті.
Академик сонымен қатар ковидтің салдарымен байланысты аурулардың саны артып келе жатқанын растады.
"Бұл аурулардың саны едәуір өсті. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растап отыр, бірақ ресми статистика өзгермеді", - деді Онищенко.
Алдын алу шарасы ретінде ол көбірек су ішіп, сыртта көбірек жүруді ұсынды.
Жаңалықтар
0