https://sputnik.kz/20250205/askerge-baryp-kelgen-zhastarga-arzan-ipoteka-beru-usynyldy-50572039.html
Әскерге барып келген жастарға арзан ипотека беру ұсынылды
Әскерге барып келген жастарға арзан ипотека беру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Депутаттардың пікірінше бұл жастардың әскерге баруын және отбасылы болуын ынталандырады 05.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-05T18:19+0500
2025-02-05T18:19+0500
2025-02-05T18:19+0500
әскери қызметкер
ипотека
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәжілістегі "Amanat" фракциясы әскерге барып келген жастар үшін жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Болат Керімбектің айтуынша Жұмысшы мамандықтар жылы аясында әскерге барып келген жастарға да арзан ипотека беру керек.Қазіргі кезде 20 өңірде жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы "Өңірлік жастар бағдарламасы" бар. Депутат үй алушылардың санатына әскерде болған жастарды да қосу қажет деп санайды.Айта кетері, биылдан бастап Отбасы банк ұлттық даму институты ретінде қызмет көрсетуге кірісті. Банк баспана кезегін жүргізіп қана қоймай, тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын да атқарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, ипотека
әскери қызметкер, ипотека
Әскерге барып келген жастарға арзан ипотека беру ұсынылды
Депутаттардың пікірінше бұл жастардың әскерге баруын және отбасылы болуын ынталандырады
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәжілістегі "Amanat" фракциясы әскерге барып келген жастар үшін жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Болат Керімбектің айтуынша Жұмысшы мамандықтар жылы аясында әскерге барып келген жастарға да арзан ипотека беру керек.
"Бір жылдық әскерде болып келгеннен кейін 1 немесе 1,5 жыл тұрақты жұмыс істеген жастарға да ипотекалық арнайы бағдарлама ұсынылуға тиіс. Бұл жастардың әскерге баруын және отбасылы болуын ынталандырады. Үйлі болған адам отбасылы да болады және несиесін төлеу үшін тынбай еңбек етеді", - деді Керімбек мәжілістің бүгінгі отырысында.
Қазіргі кезде 20 өңірде жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы "Өңірлік жастар бағдарламасы" бар. Депутат үй алушылардың санатына әскерде болған жастарды да қосу қажет деп санайды.
Айта кетері, биылдан бастап Отбасы банк ұлттық даму институты ретінде қызмет көрсетуге кірісті. Банк баспана кезегін жүргізіп қана қоймай, тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын да атқарады.