Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға 3 млн теңгеге алданып қалды

© AP Photo / Kiichiro SatoАдам қолындағы телефон
Адам қолындағы телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2025
Жазылу
Жәбірленуші полицияға бұл туралы 3 қаңтарда бір-ақ шағымданған
АСТАНА, 5 ақпан - Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны алаяқтардың бір ғана телефон қоңырауына жауап беремін деп 3 млн теңге несиеге төлейтін болды, деп жазды Polisia.kz.
Оқиға 29 қаңтарда болған. Ақкөл қаласының 29 жастағы тұрғыны бөтен номерден түскен телефон қоңырауына бір-ақ рет жауап беріп, алданып қалды.
"Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтар оның абоненттік нөмірінің жарамдылық мерзімін ұзартуды ұсынған. Ақмола тұрғыны бұл ұсынысқа келісіп, қоңырау шалған адамға SMS-кодты айтқан. Оған осы уақытта бірден екі ақшалай несиенің рәсімделгені туралы хабарлама келген. Бірақ қоңырау шалған бейтаныс адам бұл алаяқтардың оның жеке деректерін иемденбеуі үшін қажет екенін айтқан", - деп жазылған материалда.
Алаяқтарға ер адам екі банктен 3 000 000 теңге несие рәсімдеп беріп, қаражатты екі банк есепщотына аударған. Жәбірленуші полицияға бұл туралы 3 қаңтарда бір-ақ шағымданған.
Полицейлер бөтен адамдармен сөйлескенде қырағы болуды, sms-хабарламамен келген жеке деректер мен кодтарды айтпау керектігін ескертті.
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2024
Азаматтардың атына несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0