https://sputnik.kz/20250205/algashqy-ari-manyzdy-resmi-saparym-qazaqstanga-gruziyanyn-premeri-keldi-50573876.html
"Алғашқы әрі маңызды ресми сапарым": Қазақстанға Грузияның премьері келді
"Алғашқы әрі маңызды ресми сапарым": Қазақстанға Грузияның премьері келді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп... 05.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-05T20:18+0500
2025-02-05T20:18+0500
2025-02-05T20:18+0500
грузия
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50574026_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_a8c78e455ecbd49977daf76e79fed1bb.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі кезде екі елдің бірлескен үкіметаралық комиссиясы жұмыс істейді. Соның аясында тауар айналымын барынша арттыру жоспарланған. 2023–2026 жылдарға арналған өзара тауар айналымы ауқымын кеңейту жөніндегі жол картасы да қолға алынды. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының айналымы 12,3 процентке өсіп, 71,2 млн долларды құрады.Қазақстандық бизнесмендер Грузия нарығына ұн мен астық, өсімдік майы, макарон өнімдері, қой және сиыр еті, сүт өнімдері, кондитерлік және басқа да өнімдерді жеткізу көлемін арттыра алады.Биыл Грузияның Поти портында қазақстандық көлік-логистика инвестициялық топ салып жатқан жаңа мультимодальды терминалды іске қосу жоспарланып отыр.Ал Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанмен екіжақты байланыстарды дамытуға және нығайтуға мүдделі екенін ерекше атап өтті."Бұл менің Қазақстанға экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алғашқы әрі маңызды ресми сапарым. Бүгінде мемлекеттеріміз арасында ынтымақтастықтың түрлі бағытында үлкен жетістіктер бар. Біз Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз", — деп атап көрсетті Кобахидзе.Екі елдің үкімет басшылары мұнай және мұнай өнімдерін әлемдік нарыққа тасымалдау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. Өткен жылы "Баку – Тбилиси – Джейхан" құбыры арқылы 1,4 млн тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. Қазіргі кезде оны кезең-кезеңімен жылына 2,2 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр.Бүгінде іскерлік кооперацияның сәтті мысалдары да бар. Мәселен, отандық "QVM Technology" ЖШС, "Ordabasy Group" және "Ервира" компаниялары грузиндік "Olive Georgia" компаниясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында зәйтүн ағашы көшеттерін тәжірибелік отырғызу бойынша бірлескен жобаны іске асырды.
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50574026_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_bec2ffcd04f60e57226a611eee25e694.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грузия, премьер-министр
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz
сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде екі елдің бірлескен үкіметаралық комиссиясы жұмыс істейді. Соның аясында тауар айналымын барынша арттыру жоспарланған. 2023–2026 жылдарға арналған өзара тауар айналымы ауқымын кеңейту жөніндегі жол картасы да қолға алынды. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының айналымы 12,3 процентке өсіп, 71,2 млн долларды құрады.
Қазақстандық бизнесмендер Грузия нарығына ұн мен астық, өсімдік майы, макарон өнімдері, қой және сиыр еті, сүт өнімдері, кондитерлік және басқа да өнімдерді жеткізу көлемін арттыра алады.
Биыл Грузияның Поти портында қазақстандық көлік-логистика инвестициялық топ салып жатқан жаңа мультимодальды терминалды іске қосу жоспарланып отыр.
"Өткен жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тасымалдау көлемі 62 процентке өсіп, 4,5 млн тоннаны құрады. Бағыттың әлеуетін арттыру, сондай-ақ инфрақұрылымды, порт және терминалдық қуатты жақсарту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді жою және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр", — дейді Бектенов.
Ал Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанмен екіжақты байланыстарды дамытуға және нығайтуға мүдделі екенін ерекше атап өтті.
"Бұл менің Қазақстанға экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алғашқы әрі маңызды ресми сапарым. Бүгінде мемлекеттеріміз арасында ынтымақтастықтың түрлі бағытында үлкен жетістіктер бар. Біз Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз", — деп атап көрсетті Кобахидзе.
Екі елдің үкімет басшылары мұнай және мұнай өнімдерін әлемдік нарыққа тасымалдау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. Өткен жылы "Баку – Тбилиси – Джейхан" құбыры арқылы 1,4 млн тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді. Қазіргі кезде оны кезең-кезеңімен жылына 2,2 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр.
Бүгінде іскерлік кооперацияның сәтті мысалдары да бар. Мәселен, отандық "QVM Technology" ЖШС, "Ordabasy Group" және "Ервира" компаниялары грузиндік "Olive Georgia" компаниясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында зәйтүн ағашы көшеттерін тәжірибелік отырғызу бойынша бірлескен жобаны іске асырды.