Ұшақ апатын тергеудің алдын ала есебінде не айтылған

© AP Photo Крушение азербайджанского самолета в Актау
Крушение азербайджанского самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Комиссия тергеуді жалғастырады, оның қорытындысы бойынша түпкілікті есеп ұсынылады
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. AZAL ұшағының апатына қатысты тергеудің алдын ала есебі жарияланды.

Алдын ала есепте не айтылған?

Гидравликалық жүйелердің зақымдануы туралы айтылады, олар "әуе кемесінің компоненттеріне енген сыртқы заттардан болуы мүмкін".
Ұшаққа сыртқы заттар енгенін көрсететін тесілген жерлер табылған.
экипаж артқы орындықтар аймағында қатты соққы мен жарылыс болғанын хабарлаған.
Комиссия тергеуді жалғастырады, оның қорытындысы бойынша түпкілікті есеп ұсынылады.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Әзербайжанның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипажбен бірге 67 жолаушы болған. Олардың ішінде 29 адам аман қалды.
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан, Әзербайжан мен Ресей азаматтары болды.
Крушение азербайджанского самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала есебі жарияланды
Жаңалықтар
0