Қонаевта оқушы жансақтау бөліміне түсті: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қонаевтағы жағдай
Қонаевтағы жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Қонаевта 9-сынып оқушысын өлімші етіп сабады деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Қонаев қаласының білім бөлімі оқушы ауруханаға химиялық антисептиктен уланып түсті деп отыр. Әуелі бәз-біреулер баламызға әлімжеттік көрсетіп, соққыға жықты деген ата-ана кейін оны жоққа шығарды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Оқиға 31 қаңтарда сағат 15:00 шамасында болған. Сабаққа аман кеткен баланың денесін күйік шалып, есеңгіреп қайтқан түрін көрген ата-ана оған басқалар зәбір көрсетті деп жорыған.

"Сынып жетекшісі оқушының жағдайы ауыр, жедел жәрдем шақыртқанын, сол үйге кетіп бара жатқанын айтты. Не болғанын түсінбедік. Мектептегі бүкіл камераларды тексердік, тып-тыныш. Сыныптастарымен сөзге келмеген. Полиция көшедегі камерадан баланың автобустан жалғыз түсіп, үйіне кетіп бара жатқанын көрген", - дейді мектеп директоры Гүлзат Ержанова.

Мұғалімдердің айтуынша, оқушы зерек, өте тәртіпті, жақсы отбасының баласы.
"Бала есін жиған соң өзін ешкім ұрмағанын, жолда кетіп бара жатқанда өртеніп жатқан затты өшіргенін айтып ақталған. Баланың ата-анасы шошып кетіп, баласын ұрдыға санаған. Түсінуге болады, баламыз солай келсе бәріміз ұрып кеттіге санар едік", - дейді директор.
Скорая помощь и автомобили на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Шығыс Қазақстанда демалыс базасында жасөспірім жарақат алды
Қалалық білім бөлімі мамандарының айтуынша, сол күні оқушы Қонаев қаласы көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне "Химиялық антисептиктен улану" диагнозымен түскен. Ал полиция қылмыстық істі тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр.
"Коридорда барлық жерде антисептик тұр. Сөмкесін ақтаруға қақымыз жоқ. Полициядан бала не деді деп сұрадық, бірақ жауап бермеді. Естуімізше, баланың денсаулығы жақсы, сөйлеп жатыр. Әуелі мектептегі антисептикті жағып көрдік, өртенеді. Баланың қай жерде, қандай отқа күйгені белгісіз", - дейді Гүлзат Ержанова.
Оқушыны үйіне аман жіберген мектептің қазір берекесі кетіп тұр. Өйткені мұнда да тексеру жүріп жатыр.

"Қазіргі кезде жасөспірім толық есін жиып, ауруханада ем қабылдауда, жағдайы қалыпты. Білім бөлімі тарапынан орта мектеп-гимназиядағы тәртіптік жағдайды тексеру үшін комиссия құрылды. Тексеріс қорытындысына сәйкес, қосымша хабарлама беріледі", - дейді білім бөліміндегілер.

Ал ата-ана баласын он шақты адам ұрды дегенді енді жоққа шығарып, мәлімдеме жасады.
"Осы жылдың 31 қаңтарында кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға түсті. Қаланың кіреберіс көпірінің астында ұлымды ешкім соққыға жыққан жоқ және ешқандай топтық төбелес болған жоқ", - дейді оқушының анасы Ажар Дәміренова.
Айта кетейік, үш күн бұрын Қонаевта оқушының өлімші етіп сабалғаны туралы ақпарат тарады. Қонаев әкімдігі жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктіргендерге наразы.
Көшпенділер қалашығына жол салынады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
Көшпенділер қалашығына жол салынады – Қонаев қаласының әкімдігі
Жаңалықтар
0