https://sputnik.kz/20250204/qazaqstan-men-turikmenstan-arasyndagy-ozara-sauda-kolemi-artty-50523990.html
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі артты
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі артты
Sputnik Қазақстан
Екі елдің сыртқы істер министрлері Астанада кездесті 04.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-04T08:52+0500
2025-02-04T08:52+0500
2025-02-04T09:01+0500
түрікменстан
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50521986_5:0:1276:715_1920x0_80_0_0_b86a08d5de11dc882db6d2b270fe0732.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Кездесу барысында қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзит-көліктік, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.Энергетика және көлік салаларында айтарлықтай әлеуетке назар аударылды. Осы бағыттардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындық білдірілді.М.Нұртілеу түрікмен тарапын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Түрікменстанның ұсынысы бойынша жарияланған Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылының басталуымен құттықтады.
https://sputnik.kz/20250110/toqaev-qyrgyzstan-sim-basshysymen-ekonomikalyq-yntymaqtastyqty-keneytu-maselesin-talqylady-49891575.html
түрікменстан
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50521986_164:0:1117:715_1920x0_80_0_0_9bcc56a989e8de7886a7817db6353ad4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрікменстан, астана
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі артты
08:52 04.02.2025 (жаңартылды: 09:01 04.02.2025) Екі елдің сыртқы істер министрлері Астанада кездесті
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер өткізді, деп хабарлады ведомствоның
баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзит-көліктік, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.
"Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Соңғы екі жылда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі тұрақты түрде 500 млн доллардан асып келеді. Мемлекет басшылары белгілеген екіжақты тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту жөніндегі мақсатқа жету үшін келісілген шаралар қабылдауға уағдаласты", - деп жазылған хабарламада.
Энергетика және көлік салаларында айтарлықтай әлеуетке назар аударылды. Осы бағыттардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындық білдірілді.
М.Нұртілеу түрікмен тарапын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Түрікменстанның ұсынысы бойынша жарияланған Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылының басталуымен құттықтады.