Қаңтарда Қазақстан шекарасын 30-ға жуық шетелдік бұзып өткен
© Sputnik / Igor ZaremboВоенный смотрит в бинокль, архивное фото

© Sputnik / Igor Zarembo
Жазылу
Шекара арқылы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасын заңсыз алып кету фактісінің жолы кесілді
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. ҰҚК Шекара қызметі биылғы қаңтар айындағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан заңын бұзған 3 785 адам ұсталды, соның ішінде:
27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
12 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 248 заңсыз алып өту фактісінің жолы кесілді, соның ішінде:
жалпы салмағы 7 келіден астам есірткі заттары;
синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлардың 1 факті, жалпы салмағы 1 285 келіден жоғары;
113 – қару мен оқ-дәрі (5-еуі атуға жарамсыз, 1-еуі - ату, 25-і пневматикалық, 152 суық қару, 105 оқ-дәрі, 21 дана электрошокер);
30 – діни әдебиет (728 дана);
462 – жалпы сомасы 18 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (35 000 литрден астам);
491 – жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауары;
115 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 29 браконьерлік фактінің жолы кесілді, сондай-ақ:
16 дана жүзу құралы;
жалпы ұзындығы 17,4 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралы;
139 дана (500 келі) бекіре тұқымдас балықтар.
"Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген ҰҚК хабарламасында.